Елордамыздың тұрғын үй-комуналдық шаруашылығының үмітті тапсырмалары

Ірі магистралдық су таратқыш құрылысы астанамыздағы ауыз су тапшылығы мәселелерін шешуге ықпал болмақ. Мамандар қаладағы бүгінгі күннің ең басты мәселесі суды тиімсіз жұмсау деп есептейді. Қалалық маслихат тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы барысында депутаттар елордамыздың тұрғын үй- комуналдық секторының даму болашағы мен сумен жабдықтау жөнінде  білді.

Астана қаласы комуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Төлеген Закарьяновтың айтуы бойынша, жыл сайын елордамызда су тұтыну 7-10 пайызға өсуде. Қазіргі таңда суды тұтыну 105 млн. кубометрді құрайды. Алайда, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне байланысты қала тұрғындары ауыз су тапшылығын сезінуде. Басқарма басшысы жақын күндерде қаланы  қосымша 70 мың кубометр сумен  қамтамасыз ететін ірі су таратқыш құрылысы  аяқталады деп уәде берді.

– Қазіргі таңда бұл елордамызда жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау бойынша инвестициялық жоба болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстары да толық көлемде аяқталған, «Тәулігіне 200 мың кубометр өндіретін сорғыш-сүзгіш станцияны қайта құру» нысаны бойынша технологиялық жабдықты монтаждау және 4 ірі сумен жабдықтау жобаларының құжаттарын өңдеу аяқталуда,- дейді Төлеген Закарьянов.

Орасан зор жобаларға қарамастан, су тапшылығы тұрғындар табиғи ресурстарды үнемдемесе жалғаса беретін болады. Басқарма ақпараттары бойынша, көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрғындарды дара субен қамту 70 пайызды құраса, жеке меншік үйлерде-20 пайызды ғана құрайды. Мысалы, Шұбар, Қараөткел, Қала маңы, Көктал, Өндіріс, Өнеркәсіптік тұрғын массивтерінде 30 пайызды құрайды.

- Егер есепке алатын болсақ, адам басына шаққанда орташа қолдану 10 куб немесе 10 мың литр айына шықса ол дегеніміз 1 кубтың бағасы 49,9 теңге құраса, айына 450 тенге болады, - деп басқарма басшысы назаланды. – Жеке үй тұрғындары (үйде төрт адам тұрып жатса) айына тек 1 800 тенге төлейді. Іс жүзінде аумақты суару есебінен әлде қайда көп қолдануда.  Әрине, жеке сектор тұрғындарының бақылау және есепке алу жүйесінің жоқ болуына байланысты есепке алу құралын қоюға ынталандырмайды.

– Бұл сұрақ бойынша принципиалды позицияны ұстау қажеттігін 21 сайлау учаскесінің депутаты Гайдар Касенов атап өтті. Оның айтуынша бақшасы бар тұрғындар шығындары түбіртек бағасымен сәйкес келмеуіне байланысты есепке алу құралын қоюы міндетті.

– Басқа қызмет көрсетушілер жеке үй иелеріне құрал қойғызу туралы қол жеткізді. Кезінде жеке секторларда электр құралын энергетиктер тегін қойды және алшақтықтан көрсеткішті алып отырған. Судың шығынын және жоғалтуды тоқтату үшін сумен қамтамасыз ету өндірістің өз есебінен су құралын қою мүкіндігі бар ма?

-      Бұл мәселенің шешімін әр түрлі әдіспен шешуді ойластыру қажет, - деді депутат.

Әкімнің тапсыруымен елордамызда сумен жабдықтау мәселесін шешу үшін «Астана су ресурстарын басқару» бағдарламасын енгізу қолға алынды.  Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері, Майбалык, Үлкен және Кіші Талдыкөл көлдері және Астана су қоймасы, Контр реттешуі және Нұра-Ішім арығы су объектілерінде және гидротехникалық құрылыстарында жоғары және жер асты су жиынтық шараларын реттеу іске асыру қаралып отыр. Бұдан басқа Кіші Талдыкөл көлінің аймағында құрғату және абаттандыру бойынша жобаның 1-кезеңін іске асыру шілде айында басталады. 

– Елорданы сумен жабдықтау альтернативті көз ретінде Бұзылық су қоймасын салу Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ұсыныс енгізілді. Бұл түр алдын ала мақұлданған және барлық объектілерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа Солтүістік Қазақстан облысындағы өңірлерді су басып кету қаупін шешеді және жерді суару мүмкіндігі болады, - деді Төлеген Закарьянов. 

Өзінің сөз сөйлеу кезінде жауын кәріз жүйесі дамыту жөнінде жасалынған  жұмыс туралы айтып өтті. Баяндамашының сендіруіне қарағанда өткен жылы  қаланы су басып кетпеуге жол бермеу үшін барлық қойылған жобалар іске асырылған.  Осы жылы Кіші Талдыкөлден Есіл өзеніне дейін су ағызғыш коллекторының құрылысын бітіру, тазартқыш ғимараттарын және Сауран көшесіндегі жауын кәріз жүйесі коллекторын салу және абаттандыру жоспарланып отыр. Өз кезегінде Рамзия Умербаева 12 сайлау учаскесінің депутаты қаланың шеткі аймақтарын айтқанда үнемі Шұбар шағын ауданының мәселелері ұмыт қалып кететінін атап өтті. Шағынаудан Елорданың орталығында орналасуына қарамастан осы күнге дейін жауын кәріз жүйесі жоқ және су кейбір көшелерде жоқ.

– Мұнда расында жауын кәріз жүйесі жоқ, -екенін растады Төлеген Закарьянов. – Бірақ бюджеттің жағдайын есепке ала отырып қазіргі таңда бұл сұрақ шешілмейді деп ойлаймын. Өз уақытында мұнда үйлерді абыл-сабыл салып инженерлік торабты өзара байланыстыру туралы ешкім ойластырмаған. Әрине бұл мәселені шешу қажет. Өз тарапымнан бұл көтерілген мәселелер бойынша Әкімге қызметтік хат дайындаймын, -деп басқарма басшысы уәде берді.

Ильинка және Юго-Восток шағынауданы тұрғын массивінде инженерлік инфрақұрылым дамыту жоспарымен бөлісті.

Астана қаласының энергетика басқарамасының басшысы Бақтыбек Жапаев қосымша баяндамашы ретінде сөз сөйледі, өз кезегінде Елорданың қала айналасындағы аймақтарында және қаланың өзінде келешекте энергетикалық кешендерді салу туралы айтып кетті. Екінші қосымша баяндамашы ретінде  «Өркен қала» ЖШС директоры Сағындық Есимханов сөз сөйледі, өз кезегінде Елорда Тұрғын-үй комуналдық шаруашылығын модерленділеу бағдарламасын іске асыру жөніндегі мағлұматтармен бөлісті.

Отырыста мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, қаланың мекеме және комуналдық қызметінің басшылары, аудандардың Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооператив өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.