Елорданың индустриялдық даму мәселелері талқыланды

Мәслихат депутаттары Аман Аюпов, Ирина Манжанова, Гайдар Касенов «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы «Индустриялдық даму» бағыты бойынша жергілікті куратор комиссиясының отырысына қатысты.

Отырыс жұмысында 20 жыл ішінде елорданың индустриалдық саласын дамыту ауқымына үлкен көңіл бөлінді. Қалада дамыған өнеркәсіптік сектор жасалды, соңғы 20 жылда өндіріс көлемі 36 есе өсіп, 1997 жылы 15,2 млрд. теңгеден 550 млрд. теңгеге дейін, өңдеу секторының көлемі 50 есеге, тіркелген өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны 5 есеге өсті. Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша өткен жылы Астана Қазақстанның өңірлері арасында бірінші орынға шықты, жалпы өнеркәсіп бойынша - екінші орында.

                   Комиссия «2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы» және «Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы» мәселелерді қарастырды.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаеваның, сонымен қатар «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Астана қаласы бойынша жергілікті филиал директорының орынбасары Нұрсұлтан Әбдолланың баяндамалары тындалды.

Комиссия мүшелері Астана қаласының басым секторлары аясындағы Бағдарламаның мақсатты көрсеткіштерінің жоспарланған мәндері мен оларды 2015-2017 жж жүзеге асыру туралы, сондай-ақ кәсіпкерлерді қаржылық қолдаудың негізгі құралдары мен көлемі туралы мәліметпен танысты. Атап айтқанда, қаржы институттарына қаражатты шартты орналастыру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиелерді кепілдендіру арқылы қаржыландыру.

Негізгі талқылау өтті. Мәслихат депутаттары елорда нарығындағы тауарларды сату тұрғысынан астананың өндірушілерін қолдау қажеттігін атап өтті және бұл үшін заңнамалық нормаларды қабылдауды ұсынды. Жергілікті куратор, мәжіліс төрағасы, мәслихат депутаты Аман Аюпов мемлекеттік қолдау алған өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің тиімділігін бақылаудың әлсіз тұстарына назар аударды. Осы бөлімде тиісті ұсыныстар берілді. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылауды комиссияның кезектен тыс отырысы тәртібінде 2018 жылдың мамыр айының үшінші онкүндігінде өткізуге шешім қабылданды.