Елорданың тұрғын үй қоры: шекара және жауапкершілік деңгейі

Астанада тұрғын үй қорын пайдаланудың ортақ ережелерін ойлап табуды ұсынды. Елордалық мәслихатта өткен көпшілік тыңдалымы кезінде депутаттар жергілікті атқарушы орган мүшелерімен бірлесіп тұрғын үй-құрылыс саласының өткір мәселелерін талқылады.

Аудандық әкімдіктердің пікірінше, бұл ережелерде қызмет көрсету орталығының, коммуналдық қызметтердің және пәтер иелерінің жауакершілік шектеулерін жазып шығу керек.

- Елордамызда жертөлелер мен техникалық қабаттарда түгелдей дерлік құрылыс салушылар орын алып отырғанмен, сол құрылыс объекттері кондоминиумға тиесілі тұрғын үй кешендері көп. Құрылыс салушыларына кондоминиум объекттеріне жататын үй-жайға орналасуға заңға сәйкес тыйым салу керек. Өткізіліп отырған реформа шеңберінде, қоймалардың тұрғын емес үй-жай мәртебесі иеленуін қайта қарастыру қажет. Тұрғын үй қорында орналасқан хостелдар мен қонақ үйлер қызметінің регламентациясы жеке қарастыруды талап етеді, - деп, «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары айтып өтті.

Қалалық ортаның бақылауы мен сапасын Басқарудың мәліметтері бойынша, Астананың тұрғын үй қорында 2562 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Олардың ішінде апаттық-ескірген 87 үй, капиталды жөндеу жұмыстары талап етілетін 271 үй бар.

Бұдан басқа, елордада тұрғындар мен басқарушы мекемелер арасындағы қарым-қатынасты басқаруға арнғалған «е-КСК» жобасы іске асырылды.

- Астана қаласында 486 ПИК бар, жүйеге қосылғандар саны – 473 немесе 97%. Біз бара жатқан жол – бұлтты бухгалтерия. Қазір ол бізде пилотты түрде іске қосылды. Оның көмегімен кез келген тұрғын өз ПИК-інің шығынын: қайда, қай көлемде ақша төленіп жатқанын көре алады, - деп «Астана Innovations» АҚ цифрлық инфрақұрылым басқармасы бойынша басшының орынбасары Дюсюков Мейрам хабарлады.

Оның айтуы бойынша, Астанада өтініштерді жедел өтеу және «бұлтты» бухгалтерияны келешекте жеке кабинетте іске асыру үшін ортақ диспетчер қызметін ұйымдастыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Астананың мәслихат депутаты Манжанова Ирина өз кезегінде ПИК-тің 97%-ы электронды жүйеге қосылғанмен, талдау оның шын қолданушыларының өте төмен пайызын көрсеткенін хабарлады.

- Бүгінгі күні қалалық телефонмен сөйлесіп білу және ПИК-ке бару негізгі канал ретінде қалып отыр. ПИК-тің е-ПИК жүйесіне қосылу деңгейінің анализ талдауы келесіні көрсетті: ПИК қызметкерлері жүйе туралы 100% біледі, 83%-ы тіркеуден өткен, қызметкерлердің 0%-ы қосымшаны қолданады, қабылданған және өңделіп жатқан өтініштердің саны 0-ге тең, өтініштер де, әрекеттер де жоқ. ПИК-тің өз жұмысында е-ПИК жүйесін қолдануы – нөлге тең, - деп, депутат баса айтып өтті.

Әлеуметтік желілерде өткізілген сауалнамаға сәйкес, оның айтуы бойынша, тұрғындардың 49%-ы қала ішінде қосымшаны мүлдем қолданбайды деген қорытынды жасауға болады. Олардың 27%-ы ғана е-ПИК қосымшасы туралы біледі және 4%-ы бұл қосымшаны пайдаланады, ал 1%-ы е-ПИК қосымшасын бір айда бір реттен көп қолданады.

Көпшілік тыңдалымы кезінде депутат кондоминиумға сапасыз қызмет көрсетілу, лифттер және тағы да басқа пәтер иелерінің ортақ мүліктеріне байланысты мәселелі сұрақтарды көтерді.

Қалалық мәслихат тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалымына Астана қаласының мәслихат хатшысы Ж.Г. Нурпиисов, қала аудандырының әкімдерінің орынбасарлары, қалалық құрылыс басшылары, қоғамдық мекеме өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.