Хайнань провинциясы өкілдерімен халықаралық кездесу

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Нұрпейісов ҚХР Хайнань өлкесінің Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті делегациясының  өкілдерімен кездесті. 

Кездесу барысында Астана қаласы мәслихатының хатшысы Астана мен Хайнань арасындағы достық қарым-қатынастың орнауы экономика, туризм және мәдениет салаларындағы серіктестіктің дамуына және тәжірибе алмасуға әсер ететінін атап өтті.

Хайнань өлкесінің Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Линь Бэйчуань ұйымдастырылған жылы кездесу үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізілетініне үміт білдірді.

Кездесу жұмысына сондай-ақ, Астана қаласы мәслихатының депутаттары мен қалалық мекеме өкілдері қатысты. Екі ел өкілдері инвестициялық мүмкіндіктер мен бизнес климат жағдайымен танысып, кездесу соңында ескерткіш кәдесыйлармен алмасты.