Қала мәслихатында кезектен тыс сессия өтті

Қарақат Әбденнің төрағалық етуімен «Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің лауазымына тағайындауға келісу туралы» мәселе қарастырылған кезектен тыс сессия өтті.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов депутаттарға келісуге Егемберді Ерғали Қуандықұлының кандидатурасын айтты.

Барлықтарыңыз Ерғали Қуандықұлын жақсы білесіздер деп ойлаймын. Ерғали Қуандықұлы еңбек жолын Астана қаласында қаланың Қаржы департаментінде заңгер болып бастады. Өңірлерде, Астана қаласында, министрліктерде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді, тәжірибесі мол, сондықтан, Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің лауазымына  тағайындауға Егемберді Ерғали Қуандықұлының кандидатурасын қолдауларыңызды сұраймын.

Депутаттар қала әкімі Бақыт Сұлтановтың ұсынысын қолдап, Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің лауазымына Егемберді Ерғали Қуандықұлын тағайындауға келісімдерін берді.

Ерғали Қуандықұлы қала әкіміне, қалалық мәслихат депутаттарына сенім білдіргендеріне алғысын айтты және білдірген сенімдерін ақтау үшін барлық күш – жігерін салатындығына сенім білдірді.

Сессия жұмысына Астана қаласының әкімі Б.Т. Сұлтанов, «Алматы», «Есіл», «Байқоңыр» аудандарының әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.