Қалалық маслихат депутаты Абден Қ. қоғамдық тыңдауға қатысуы

Астана қаласы маслихатының депутаты Қарақат Абден Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде «ішкі істер органдарымен адам құқығын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдардың құқық қорғаушы органдардың өзара әрекет жасау формалары: тәжірибе, мәселелер, шешім» тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдауда баяндама жасады.

Ерекше назар жастар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларына негізделді, оның ішінде нақтырақ айтатын болсақ, коледж және мектеп қабырғасында әскери патриоттық тәрбиені енгізу болып табылады. Сонымен

қатар маслихат депутаты мұғалімнің рөлін тәлгімгер рөліне алмастыруды енгізді және өскелен ұрпақтың оның ішінде болашақ ана болатын қыз балалардың тәрбиесіне аса үлкен көңіл аудару керектігін баса айтты; 1-сыныптан бастап сандық машықтануын арттыру. Сондай-ақ Қарақат Абден «Рухани Жангыру» бағдарламасы аясында жастармен жұмыс бөлімі мен ақпараттық идеологиялық жұмысты күшейту керектігінде тілге тиек етті. Ата-аналардың да жауапкершілігін арттыру маңызы аз емес мәселе болып табылады.

Нәтижесінде жастар ісі бойынша негізгі сұрақтарға байланысты үкіметтік емес ұйымның құқық қорғаушы органдармен бірге жұмысын арттыру бойынша талапқа сай сипаттамалар қабылдай отырып қоғамдық тыңдауға қатысушылармен белсенді талқылау болды.