Қалалық мәслихатта көпшілік тыңдалымдар өтті

Сәуір айының 26-сы күнідепутат Ақылбек Күрішбаевтің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының «Нұр-Сұлтан қаласының аймағын дамытудағы жергілікті атқарушы органдардың қабылдап жатқан шаралары» сұрағы аясында кезекті қоғамдық тыңдалымы болып өтті.

Отырысқа мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нұрпейісов, қала аудандары әкімінің орынбасарлары, қалалық қызмет бөлімінің жетекшілері мен олардың орынбасарлары, қоғамдық, азаматтық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин және отын-энергетикалық кешені және қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі Ербол Төлеуов баяндама жасады.

Спикерлер өз сөздерінде маңызды сұрақтарға шолу жасап, Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы елді-мекендерді дамытуға арналған ауқымды жобаларды іске асыру жайлы жоспарлармен бөлісті, депутаттардың қоғамдық тыңдалым алдындағы жұмыс сапары кезінде анықталған мәселелерге толығырақ тоқталып өтті.

Баяндамаларды талқылау барысында депутаттар қалалық қызметтің қол қусырып қойып отырған бейқамдығына, көптеген сұрақтардың әлі де шешімін күтіп кезекте тұрғандығына наразылық танытты.

Депутат Зейнолла Шибкенов Өндіріс және Кирпичный тұрғын үй алабындағы жағдайдың соңғы бірнеше жыл бойы еш өзгеріссіз тұрғандығына назар аударды. Өткен жылы қатардағы 83 көшенің ішінен тек қана Кемеңгерұлы көшесі және ішінара Өндіріс көшесі жөнделген. Алайда, бұл жағдайлар дұрыс реттелмеген, суағарлардың жоқ болуы салдарынан жаңа жолдардың өзі тез арада бұзылуға ұшырайды. Жаңажол жолының жөндеу жұмыстары аяқталмайынша Өндіріс ауылындағы кептелістің жалғаса беретінін атап өтті. Осыған орай аталған аудандарды дамытуға бөлінетін қаржыны қалалық қызмет бөліміне емес бірден аудандық әкімшілікке бағыттауға ұсыныс жасады. Туындап жатқан мәселелерді шешудің енді бір жолы ретінде депутат коммуникацияларды жүргізудегі шығындарды әзірлеушілер есебінен бөлудің қажеттілігі деп көрсетті. Осылайша, құрылыс компаниялары нысандарды қаланың сыртына емес ішіне салуға қызығушылық танытатын болады. Осы орайда Республика Парламенті Сенатының спикері Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның Есілдің оң жағалауының көрінісі сол жағалауға сәйкес болуы керек деген сөздерін негізге ала отырып, Зейнолла Шибкенов  «қала сыртындағы елді-мекендердің мәселелерін жұмыла шешу керек» -деп жалғады сөзін.

Депутат Мирас Шекенов те аталған мәселелердің жүйелі болып кеткендігін өкінішпен еске салды және қалалық қызметтің жауапсыздығы салдарынан электорат тарапы депутаттарға сенімсіздікпен қарайтынын жасырмады. Е-16 көшесіндегі «Жасыл үйлер» нысанына қатысты мәселерді шешуді қолға алып 71-ші және 78-ші мектеп оқушыларының мектепке барар жолдарын ашудың тездетіп амалын табуға көлік басқармасының жетекшісіне өтініш жасады. «Бұл тұрғын аймақтың тұрғындары барлық қаладан жиналғандар. Олар осында туып-өсті, енді келіп оларды сыртқа ысырып тастауға жол бере алаймыз. Балалардың тротуарсыз жолдармен мектепке барып жүргендігі де – бізге үлкен сын» - деп сөзін қорытындылады Мирас Ерғалиұлы.

Кезекті баяндамасын жасаған Еркеғали Есенжолов қала аймағындағы мәселелерге қатысты өзінің көзқарасын білдірді. Күйгенжар ауылындағы жарықтың дұрыс орнатылмағандығына, Мичурино елді-мекеніндегі тұрғындардың ауыз су ретінде техникалық суды қолданып жүргендегіне, Үш қоздағы жұмыссыз тоқтап тұрған канализациялық жүйенің салдарынан инфекция таралу қаупіне және Промышленный мекеніндегі айтуға ауыз бармайтын нашар жағдайда тұрған жолдардың қалпына алаңдаушылық танытты. Депутаттың ойынша қалалық энергетика басқармасы және Алматы әкімшілігі аталған ауылдарға қажетті көңіл бөлмей отыр.

Көлік басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин депутаттардың сұрақтарына жауа бере отырып, Жаңажол көшесіндегі жөндеу жұмыстарын қазіргі уақытта екі түрлі бағытта жалғастыруға болатынын айтты. Бірінші – жөндеу жұмыстарынан АЭТК және ТеплоТранзит жөндеу бригадаларын шеттетіп, жұмысты суағарлар орнатпай жалғастыру. Өзгесі – суағарлар орнату үшін жобаны іске асыру уақытын 3-4 жылға ұлғайтып, соған сәйкес қомақты қаржы бөлу керек болатындығы.

Кезек бойынша әрі қарай қалалық қызмет бөлімінің жұмыстарындағы шалалықтар мен олқылықтарға талдау жасалды. Отырыс төрағасы белсенді қала тұрғындарының әлеуметтік желілерге жолдаған сұрақтарын оқып шығып, қызмет бөлімінің жетекшілерінен жеке жауап беруді талап етті. Сонымен қатар қоғамдық тыңдалымға шешімін таппаған мәселелердің бірқатарын депутаттар назарына Ильинка тұрғын аймағының қоғамдық кеңесінің өкілдері ұсынды. Уәде етілгенімен сол күйі салынбаған балабақша, жол сапасының нашарлығы және заңсыз құрылыстар тұрғындар наразылығын тудырса керек. Елді-мекендегі көп қабатты үйлердің заңсыз құрылысына қатысты сапаны бақылау Басқармасының өкілі жауап беріп, қазіргі сәтте қолда заңсыз салынған көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарын үйлерінен шығарып, үйді бұзуға жіберу жайындағы соттың шешімі бар екенін жария етті. Депутат Мирас Шекенов бұл тұрғын үйлерде бүгінгі таңда 50-ге жуық отбасы тұрып жатқандығын және сот орындаушыларының көшу мерзімінің күн жылынғанға дейін ұзартқанын айтты. Сонымен қатар отырыс төрағасы Ақылбек Күрішбаев біз құқықты елде өмір сүріп жатқандықтан мұндай заң бұзушылықтардың тез арада шешімін табуға тиіс екенін де еске сала кетті.

Отырыс соңында халық қалаулыларының аудан әкімшілігі мен қалалық қызмет қызметкерлерінен жауап беруді талап еткен сұрақтарының бірқатары сол күйі жауапсыз қалды. Оның ішінде Тельман ауылындағы балалар алаңдарына арналған жерлердің бөлінуі және жылы аялдамалардың орнатылуы, барлық балабақшалар мен мектептерді жылу жүйесімен қамту, мәдениет басқармасы шығындарын қысқартуға қатысты нақты жобалар, жол торабтары мәселелері және астанамызға қажетті бағдаршамдар орнатумен бірге тағы да басқа көптеген мәселелер бар.

Қорытындылай келе, депутаттар қалалық қызмет бөлімінің бөлінген қаржыны дұрыс пайдаланбағанын бірнеше мәрте айтты. Осы сияқты өтініштерді негізге ала отырып, төраға экономика басқармасына көгалдандыру бойынша көлік басқармасы жүргізіп жатқан жұмыстар қатарын аудандық әкімшілікке бағыттау жайлы сұрақты бір апта ішінде қарастырып, зерделеуге тапсырма берді. Екі сағаттық жұмыс нәтижесінде жергілікті атқарушы органға қаулы жіберілетін болады.