Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде У.М. Досаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссия уақытша сауда павильондарын көшіру мәселесі бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдады. Мәселені талқылауға Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есілов, депутаттар М.Ә. Оралов, У.М.Досаев, Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Қ.Т. Қожамжаров, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Р.Б. Қауғабаева, Астана қаласы бойынша Аумақтық жер инспекциясы бастығының орынбасары С.Ж. Жаубасов қатысты.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының талқылау қорытындысы бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасына және жер қатынастары басқармасына бекітілген Сызбаға сәйкес, уақытша сауда павильондарын шығаруға қатысты Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларының орындалуына бақылауды күшейту, Астана қаласының аумағында уақытша сауда объектілерін орналастырудың 2010-2013 жылдарға арналған сызбасына  сәйкес оларды орналастыру үшін орындарды беру мәселесін реттеуді ұсынды.

Тұрақты комиссияның жұмысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есілов, басқармалар мен департаменттер басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.