Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде мынадай мәселелер қаралды: «Қаланың кәсіптік ұйымдарының жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыру...

Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде мынадай мәселелер қаралды: «Қаланың кәсіптік ұйымдарының жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмысы туралы», «Астана қаласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытудың жай-күйі мен шаралары туралы».

Ағымдағы жылдың 29 қазанында Е.С. Оспановтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мәжілісінде қаланың кәсіптік ұйымдарының жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларын даярлау сапасын арттыру бойынша Білім басқармасының бастығы Ә.Т. Бимендина депутаттар алдында ақпарат жасады, ол қалада кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін 37 оқу орны жүзеге асыратынын, ал оқушылар контингенті 31 338-ді құрайтынын атап өтті. Техникалық, құрылыс, көлік мамандықтары бойынша кәсіптер тізімі кеңейді. Еңбекке техникалық қызмет көрсету кадрларын даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономика салалары мен жұмыс берушілерді бәсекеге қабілетті дағдыларын игерте отырып, білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін «2008-2010 жылдарға арналған білікті жұмыс кадрларын дайындау» аймақтық бағдарламасын қабылданды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар санын арттыру, шағын кәсіпкерлік үлесін арттыру білікті жұмыс күшінің қажеттілігінің өсуіне әкеледі. Еңбек нарығының жай-күйі мен дамуының, жаңа мамандықтар қажеттілігінің тұрақты мониторингі жүргізіліп отырады, мемлекеттік тапсырыс бойынша кәсіптік лицейлер мен колледждерге оқушыларды қабылдау бойынша кәсіптер мен мамандықтар тізіміне өзгерістер енгізіледі. Қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие болған жаңа мамандықтар – электр дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, токарь-универсал, лифтер, сүт өнімінің мастері, қонақ үй шаруашылығы мен туристік кешендерге қызмет көрсету бойынша мамандықтар ашылып жатыр. 

Талқылау барысында депутаттар аталған салада өткізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, бірқатар келелі мәселелер бар екендігін атап өтті. Нақтырақ тоқталғанда, қалада кадрларды инновациялық ортаға даярлауға қабілетті кәсіптік-техникалық оқу орындары жеткіліксіз, бірқатар кәсіптік лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасы нашар, техникалық және арнайы пәндер оқытушылар, инновациялық режимде жұмыс істеуге қабілетті өндірістік оқыту мастерлері жетіспейді, кадрлар қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Өндірістік оқыту мастерлерінің және арнайы пәндер оқытушыларының төмен жалақысы, тұрғын үй беру мәселесі жас білікті кадрлардың келуіне кедергі келтіреді. Кәсіптік-оқу ұйымдарының бітірушілерінің жұмысқа орналасуы жеткілікті деңгейде бақыланбайды. Арнайы мамандықтар оқытушылары мен өндірістік оқыту мастерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау жөніндегі қалалық орталық жоқ.  

Талқылау қорытындысы бойынша қаулы қабылданды, онда білім басқармасына тиісті қалалық мекемелермен бірлесіп, еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңа кәсіптер мен мамандықтарды енгізу және дамыту үшін кәсіптік білім беру ұйымдары желісін кеңейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, алдағы уақытта кәсіптік білімді дамыту және жаңарту, инновациялық орта үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Қала әкімдігіне Арнайы мамандықтар оқытушылары мен өндірістік оқыту мастерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау жөніндегі қалалық орталық ашу мәселесін зерттеу ұсынылды. 

«Астана қаласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытудың жай-күйі мен шаралары туралы» ақпаратпен Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Г.Т. Жүсіпова сөз алды, ол қалада мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде ұзындығы 41,81 км болатын «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы іске асырылу жоспарланып отырғанын атап өтті. «Chungsuk Engineering» компаниясы (Оңтүстік Корея) жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстарын аяқтауда.

«Балапан» бағдарламасы бойынша жеке балабақшаларда мектепалды оқыту және тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысымен 1700 орынға орналастырылды. Ағымдағы жылдың сонына дейін мемлекеттік білім беру тапсырысымен  1275 орынға орналастыру жоспарланып отыр. 2010 жылы мемлекеттік тапсырыспен жеке балабақшаларда 2975 орынға орналастыру болжанып отыр. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 35 391 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, мемлекеттік жеке серіктестік шеңберінде денсаулық сақтау саласында Астана қаласында 250 орынға қалалық балалар инфекциялық ауруханасының, 360 орынға (Өндіріс т/а) көп профильді стационардың, амбулаторлық-емханалық кешенінің (ересектер емханасы ауысымында 350 келушіге, балалар емханасы ауысымында 150 келушіге) құрылысы, білім беру саласында – Оңтүстік-Шығыс, сол жағы, 1200 орынға мектеп, Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай, Степной гараж кооперативі ауданында, Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай ауданында, Ильинка т/а, әкімшілік қалалық ауданында (сол жағалау) құрылысы жобалары іске асырылмаған болып қалып отыр. 

Депутаттар мемлекеттік-жеке серіктестік саласында жеткілікті практиканың және жұмыс тәжірибесінің, қолданыстағы салық және өзге де заңнамаларды сақтау кепілдігінің болмауы, концессиялық жобалардың өзін-өзі ақтау мерзімдерінің ұзақтығы аталған механизмді жеткілікті деңгейде енгізбеудің негізгі себептері болып табылады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, қоғамдық маңызды әлеуметтік, көлік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолдану аясын кеңейту бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Тұрақты комиссия жұмысына «Алматы» ауданының әкімі С.Қ. Ахметов, «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары П.С. Кулагин, басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.