Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен келешектері қарастырылды

2012 жылдың 25 қыркүйегінде бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының тоғызыншы, кезекті сессиясы өтті. «Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен келешектері туралы» баяндамасымен Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошун сөз сөйледі

Мемлекеттік бағдарламалар мен үлестік құрылыс нарығында жағдаятты тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың шеңберінде тұрғын үй құрылысын дамытудағы қабылданып жатқан шаралар тұрғын үйді пайдалануға берудің өсіп келе жатқан қарқындылығын сақтауға мүмкіндік бергенін атап өтті және 2005 жылдан бастап қалада жыл сайын 1,0 млн. шаршы метр пайдалануға беріледі, ал 2011 жылы аталған көрсеткіш шарты миллион шаршы метрге жақындады.

Баяндамашы депутаттарға 241 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға және 40 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген елордада іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы, үлестік құрылысты қолдау бойынша қабылданған түпкілікті шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат жасады. Сонымен, ағымдағы жылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, оны әзірлеу және бекіту кезінде алдыңғы бағдарламалардың тәжірибесі ескерілді.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің негізгі көлемі коммерциялық нарық пен жеке тұрғын үй құрылысынан күтілуде, оған әкімдік келешекті тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытатын болады. Баяндамашы жалпы алаңы 250 мың астам  шаршы метрді құрайтын 2015 жылға дейін тұрғын үй құрылысы бойынша жобалар әзірленгендігін және бекітілгендігін атап өтті.

Баяндаманы талқылау барысында депутаттар М.Е. Шекенов, М.А.Оралов, А.Қ. Күрішбаев, С.С. Есілов атқарушы органдар өкілдерінің назарын жобалау сапасын және ғимараттардың алдағы уақыттағы құрылысын бақылау, қауіпсіз қаптауыш материалдарын қолдану бойынша шаралардың қажеттілігіне аудару қажет екендігін ескертті. Жапсарлас аумақтың инфрақұрылымының болуы мен қолжетімділігіне ерекше назар аудару керек екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын бірыңғай сәулеттік стильде  салу мақсатында, Астана қаласының аумағында құрылыс салудың қолданыстағы қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобалары келісілді, мәслихаттың шешімдеріне және қалалық ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Қабылданған құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуге жолданды.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып елорданың 15 сайлау округінің депутаты Н.И. Мещеряков  сайланды.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары В. Редкокашин, Қ.Омаров, Н. Петухова, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің, Қазақстанның құрылыс салушылары қауымдастығының, «Тұрғынүйқұржинақбанкі» АҚ Орталық филиалының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.