Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде  Ж.Е. Нұркеновтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиясының мәжілісі өтті. «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның қала мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы шешімімен бекітілген жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау және қорғау қағидасына шаруашылық етуші субъектілерге кемінде 5 метр қашықтағы  шектес аумақты көгалдандыруға жауапкершілік жүктеуге қатысты толықтырулар енгізу мәселесі бойынша өтініші қаралды.

Аталған мәселе бойынша «Астана-Зеленстрой» АҚ бас директоры Ж.Ж. Жұмағұлов ақпарат жасады, ол шаруашылық етуші субъектілердің кәсіпорындар, ұйымдар аумағындағы, сондай-ақ оларға бекітілген учаскелердегі жасыл отырғызғыларды күтіп ұстауға жеткілікті көңіл бөлінбейтіндігі атап өтілді. Жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау және қорғау қағидасы сақталмайды.

Мәселені талқылауға депутаттар А.И. Қыпшақбаев, В.Н. Петрущак, Ж.Е. Нұркенов, М.А. Оралов қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, табиғи ресурстар мен табиғатты  пайдалануды реттеу басқармасына «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары ІІБ экологиялық полициясы бөлімдерін тартумен жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау және қорғау қағидасының сақталуын бақылауды күшейту ұсынылды. Аудандар әкімдіктеріне пәтерлер меншік иелері кооперативтерімен, кәсіпорындармен және барлық меншік нысанындағы ұйымдармен  бірлесіп көпшілікпен жұмысты жандандыру, «Ең жақсы аула», «Ең жақсы гүл алаңы» конкурстарын ұйымдастыру ұсынылды. 

«Астана-Зеленстрой» АҚ-ға қолданыстағы Қағидаға ұсынылған өзгерістерге заңды сараптама жүргізіп, қала әкімдігі мақұлдаған жағдайда, мәслихат сессиясына қарауға енгізу ұсынылды.

Тұрақты комиссия жұмысына «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Ахметжанов, қала департаменттері мен басқармаларының басшылары, қалалық және аудандық пәтерлер меншік иелері кооперативтері қауымдастығының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.