Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Ж.Е. Нұркеновтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті, онда «2008-2010 жылдарға арналған «Астана қаласының таза қоршаған ортасы» бағдарламасының орындалуы туралы» мәселесі қаралды.

Аталған мәселе бойынша Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Мұрат Спанқұлұлы Іргебаев баяндама жасады.

Тұрақты комиссия жұмысына «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары М.З. Айманбетов, «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары Т.Ж. Әбижанов, қала департаменттері мен басқармалары бастықтарының орынбасарлары, «Астанаэнергосервис» АҚ, «АстанаЭнергия» АҚ, «Астана Тазалық» АҚ, «Алматы», «Есіл» аудандары ІІБ экологиялық полиция бөлімдерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.