Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына келесі мәселе енгізіледі: «Энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы»

«Энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы» мәселені дайындау шеңберінде, депутаттар қаланың жылу-энергетикалық кешендеріне барып-қайтты. ТЭО-1, ТЭО-2 кешендеріне бару кезінде Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Қ.І.Бейсенбинов, «Астана-Энергия» АҚ Басқармасының төрағасы, ТЭО-1 директоры Ю.Л.Утюжников, ТЭО-2 директоры Г.З.Тоқтыбаев, «Центрказэнергомонтаж» АҚ Бас директоры депутаттарға атқарылған жұмыстар туралы және олардың алдағы уақыттағы жылыту маусымына дайындығы туралы ақпарат жасады. Қаланы жылумен тұрақты қамтамасыз ету үшін ТЭО-2-де № 2 станциясының қазандық агрегаты, № 4 станциясының құбыр агрегатын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, екі кешенде де станциялардың қазандық агрегаттарын кеңінен ағымдық жөндеулер жүргізілді.

Кешендерге барған кезде депутаттар «Астана қаласындағы ТЭО-3 құрылысы, 1-кезек» жобасын іске асыру үшін дайындалған қазандық, құбыр, электр, отын-көлік, химиялық цехтың жабдықтарымен, сондай-ақ жылу автоматикасы мен өлшемдер цехтарының жабдықтарымен танысты. Қазіргі уақытта аталған объектіде аумақты тігінен жоспарлау, асхана, әкімшілік-блок кешеніне және дәліз құрылысына қада қағу аяқталды, ТЭО-3 аумағынан 110 кВ әуе желісін шығару 85 пайызға орындалды. Барып-қайту қорытындысы бойынша депутаттар жалпы алғанда, қаладағы жылу-энергетикалық кешендердің алдағы уақыттағы жылыту кезеңіне дайын екендігін атап өтті.

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есілов, басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.