Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және көпшілікпен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комисс-ның мәжілісінде «2011-2013 ж. арналған «Астана қ. құқық бұзушылықтың алдын-алу» өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» қарастырылды

2012 жылдың 24 тамызында Н.И. Мещеряковтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және көпшілікпен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының өткен мәжілісінде Астана қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Д.Б.Досқұловтың және Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары К.Б.Мұхитовтың «2011-2013 жылдарға арналған «Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын-алу» өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» ақпаратын тыңдап, Өңірлік бағдарламаның орындаушылары көшелерде және қаланың қоғамдық орындарында құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша, халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейін және халықтың құқықтық санасының деңгейін арттыру бойынша белгілі бір жұмыс орындалғанын атап өтті.

Өңірлік бағдарламаның негізгі орындаушылары Астана қаласының білім, ішкі саясат, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Астана қаласының ішкі істер департаменті;  Әділет департаменті және Астана қаласы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Кедендік бақылау департаменті; Астана қаласы  бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы бойынша департаменті болып табылады.  

Жалпы, өңірлік бағдарламаны қабылдау барлық мемлекеттік органдармен құқық бұзушылықтарды айқындау, зерттеу және қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және нығайтуға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралары кешенін өткізуге мүмкіндік берді.

Бағдарлама шеңберінде есірткілікке қарсы бағыттағы, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылықтың алдын алу және күрес жүргізу, қараусыздықтың, есірткілік пен алкоголизмнің алдын алу мәселелері бойынша 22 акция, 22 семинар, 245 лекция, 19 конкурс өткізілді.

Талқылау барысында депутаттар Өңірлік бағдарламаның жекелеген іс-шараларын мемлекеттік органдар формальды түрде ғана іс-шараларды орындау мерзімдерін бұза отырып өткізетіндігін, қаржыландырудың болмауынан кейбір іс-шаралар толықтай немесе белгіленген мерзімде өткізілмейтіндігін атап өтті.

Жұмысты жақсарту үшін тұрақты комиссия мемлекеттік органдарға Бағдарлама іс-шараларын толық көлемде іске асыру бойынша іс-шараларды  қабылдауды, іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы іс-шараларды іске асыруға қаржыландыруды қарастыруды ұсынды.

Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдады.

Тұрақты комиссияның жұмысына қалалық мәслихаттың хатшысы С.С.Есілов, аудан әкімдерінің орынбасарлары Т.Ж. Рыспеков, Е.Т. Симамбаев, Т.О. Ахметов, департаменттер мен басқармалардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.