Қалалық сайлау комиссиясының отырысында Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 26 наурызына белгілеген №20 сайлау округі бойынша сайлауға дайындық барысы қаралды.

И.И.Жалбировтың төрағалық етуімен қалалық сайлау комиссиясының №20 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына қалалық мәслихат депутатын сайлауға дайындық мәселесі жөнінде кезекті отырысы өтті.

Сайлауға дайындық жүргізу және өткізу жұмыстарын сайлау комиссиясы жүзеге асырады, соның ішінде екеуі – аумақтық, біреуі–округтік, жетеуі – учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беруге № 35,36,37,38,63,64,82 сайлау округтерінің аумағында тұратын сайлаушылар №50, №30, №28, сондай-ақ, оқушылар Сарайы мен «Алматы» ауданындағы «Казахстан» спорт Сарайында орналасқан сайлау учаскелеріне барып қатысады.

Сайлау учаскелеріндегі материалдық-техникалық жабдықтау жөнінде «Алматы» ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Е.Асылбеков хабарлады. Астана қаласы ІІБ жергілікті полицей қызметі бастығының орынбасары А.А.Айтыбеков қалалық сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлау учаскелерінде, ғимарат күзетінде, құрал-жабдықтар мен сайлау бюллетендеріне құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша қолданып жатқан іс-шаралар жөнінде баяндады.

«Сайлау күні №20 сайлау округі бойынша тоқтаусыз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жүргізілген іс-шаралар» жөнінде «Астана-РЭК» АҚ бас инженері Р.Т.Абжанов, сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстар жөнінде Астана қаласының төтенше жағдайлар бойынша департамент бастығының орынбасары М.Т.Аманбаев баяндады.

Қалалық сайлау комиссиясы мүшелері аудандық сайлау комиссиясы төрағасының округтік және учаскелік сайлау комиссия қызметін ұйымдастыру, сайлаушылар тізімін жасау жұмыстары бойынша есебін тыңдады.

Қалалық сайлау комиссиясының мүшелері басшылардың есептері мен ақпараттарын талқылай келе, сайлау комиссиялары, атқарушы органдар, қала ұйымдары мен мекемелерімен сайлау учаскелерінде материалды-техникалық жабдықтау бойынша, сайлау комиссиясы жұмысының шарттары орындалып жатқанын атап өтті.

Сайлау учаскелерінде тоқтаусыз энергиямен жабдықтау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған. Ішкі істер басқармасымен сайлау учаскелерінде, ғимарат күзетінде, құрал-жабдықтар мен сайлау бюллетендеріне құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырылған. Сайлау комиссияларымен сайлаушылар тізімін тексеру, сайлаушыларға сайлау уақыты мен орнын хабарлау, дауыс беру ғимаратын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық сайлау комиссиясы «Алматы» ауданының аудандық сайлау комиссиясын учаскелік сайлау комиссияларының сайлаушылардың тізімімен таныстыру, тізімдерге өзгерістер енгізу жөнінде азаматтардың өтініштерін қарау жұмыстарына үнемі бақылау жүргізуді тапсырды.

Сайлаушыларды сайлау уақыты мен орнын уақытылы хабарлауды, сайлаушыларды сайлауға шақыру хаты әр пәтер, әр уйге жеткізілуін қамтамасыз етілсін. Сайлау учаскелерінде материалды-техникалық жабдықтауды толығымен аяқталсын, барлық сайлау учаскелерінде қоқыс тастау жәшігін қажетті көлемде, жасырын дауыс беру кабиналарымен, сайлаушылар үшін ақпараттық стендімен, компьютер және көшірме техникаларымен жабдықталуы қамтамасыз етілсін.