Қарақат Әбденнің төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Астаналық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті отырысында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасының жетекшісі Ануар Қанатұлы Жанғозиннің "Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективасы жөніндегі" баяндамасы тыңдалды.

Спикер өз баяндамасында мемелекеттік және жеке меншік мектеп дейінгі білім беру жүйесінің жайымен таныстырды. 2018 жылы бірі – Алматы қаласының Елорданың                20-жылдық мерейтойына сый ретінде бөлген қаржы есебінен тұрғызылған, екіншісі – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Қазатомпром» АҚ Ұлттық компаниясы салған  мемлекеттік екі балабақшаның пайданалуға берілгені жайлы ақпаратпен бөлісті. Биылғы жылы жалпы саны 600 орынды құрайтын 5 балабақша пайдалануға беріледі. Оның 360 орыны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында және 240 орын «KEGOK» АҚ ұлттық компаниясының қаржылай қолдауымен салынбақ. «Одан өзге көру қабілеті нашар балаларға арналған 90 орындық бақша салынып жатыр» , - деп атап өтті Ануар Қанатұлы. Баяндама барысында жаңа балабақшалар мен мемлекеттік тапсырыстың нәтижесінде қазіргі таңда балабақшаға барып жүрген 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар санының 90%-ға өскенін басты назарға алды. Әрі қарай Ануар Жанғозин мемлекеттік тапсырыстың толық игерілуі жайын баяндады. Мемлекеттік тапсырыс көлемін 2000 орынға арттыру жайлы ұсыныс мақұлданып, қаржыландырылатын болса мектеп жасына дейінгі балаларды 100% балабақшамен қамтудың жоспарда бар екенін айтты. Спикердің айтуы бойынша, жыл басынан бері астаналық 18000 бүлдіршін балабақшаға барып жүр. Бүгінгі таңда балабақшаларда әдістемелік жұмыстарға баса назар аударылады, басшылық жетекшісі жаңа әдістерді жекеменшік-серіктес бақшаларға енгізу мақсатындағы мемлекеттік балабақшалардағы инклюзивтік білім берудің жоғарғы көрсеткіштерге ие екенін ерекше атап өтті. Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарда ерекше қажеттіліктерге мұқтаж балалардың жалпы саны 3320-на көрсетіп отыр қазіргі уақытта олармен 153 маман жұмыс істеп жатыр, алайда, бұл жеткіліксіз. Жаңа оқу жылында тағы 300 баланы қамту жоспарланып отыр, олардың қатарында аутизм спектрі бұзылған балалар да бар. Ол үшін 10 мемлекеттік балабақшада жеке топтар ашылып, жұмыскерлер штаты тағы жаңа педагог -психолог, дефектолог, логопед мамандарымен толықтырылады, бұл жағдайда мемлекеттік тапсырыс жоғарғы тарифпен өтеді. «Егер әдетте бір балаға 27900 теңге төленсе, ерекше жағдайдағы бір балаға 59000 теңгеден төленетін болады» - деп Басқармада есептеді.

Баяндаманың соңында 15-ші сайлау округінің  депутаты Мещеряков Илья Николаевич көп балалы аналар үшін балабақшаға кезекке тұрудың арнайы жедел түрлері бар ма деп спикерге сауал қойды. Ануар Қанатұлы ақпан айынан бері басқармаға 1000 өтініштің келіп түскенін, олардың 700-і дәл осы балабақшаға орналасу жайында екенін және ол өтініштердің барлығының толық қарастырылып, орындалғанын атап өтті. Сонымен қатар 700 баланың 539-ын жеңілдікпен және кейбір жағдайларда тегін қабылдаған жекеменшік ұйымдардың салиқалылығына назар аударды. Бұдан бөлек, баяндама жасаушының айтуы бойынша, астана әкімі жаңа оқу жылынан бастап көп балалы отбасынан шыққан балаларды бақшаға тегін орналастыруды ұсынған. Отырыс төрағасы, депутат Қарақат Әбденнің көп балалы аналарға қатысты кезек мәселесі жайлы нақтылай түсуін өтінген сауалына Ануар Жанғозин көп балалы отбасынан шыққан балаларға, мүгедек балаларға, әскери және арнайы орган қызметкерлерінің балаларына бақшаға кезекке тұру кезінде жеңілдіктердің қарастырылғанын және бұл жайында білім беру басқармасынан сонымен бірге кез келген мектеп жасына дейінгі ұйымдардан консультация алуға болатынын еске салды. Әрі қарай депутат Илья Мещеряков кезекті күрделі мәселе – көп балалы ананы автоматты түрде барлық жеңілдіктен айыратын тіркеуге тұру жайын қозғап, көп балалы отбасылардың тиісті жеңілдіктерге қол жеткізу жайын толыққанды шешу үшін бұл мәселені мәслихат деңгейінде қарау жайында ұсыныс тастады.

Депутат Алтыншаш Табулдинаның бүгінгі таңда балалардың көпшілігі барып, тіпті кейде қауіпті жағдайда қалып жататын ресми емес балабақшалардың мониторингі бар ма деген сауалына спикер «көлеңкелі» балабақшаларды бақылау басқарманың жұмысына кірмейтінін және бұл жайлы статистиканың жоқтығын атап өтті. Дегенмен, ата-аналармен үнемі мектепке дейінгі ұйымдардың заңдылығын қалай тексеру керектігі жайлы ақпараттық жұмыстар жүргізіліп тұрады, ол үшін ең алдымен керекті мекемені білім саласындағы бақылау департаментінің сайтынан мектеп жасын дейінгі ұйымдар реестрі арасынан іздеп, табу қажет, әрі қарай қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, ТЖМ және тағы да басқа мемлекеттік ұйымдардың рұқсат қағаздарының барлығын тексеру қажет.

Одан соң депутаттар балабақшаға кезекте тұрған балалар саны жайындағы Басқарма статистикасы мен ресми деректердегі статисканың сәйкес келмейтінін назарға алды. Мұны Жанғозин білім беру министрлігінің санау әдістеріне енгізген өзгерістерінің нәтижесі деп түсіндірді. Іс жүзінде қазір кезекке 90000 бала тіркелген, ал әр жыл сайын балабақшаға баруға тек 14000 баланың ғана ата-анасының қызығушылық танытады, дәл осы соңғы сан 100% болып қанағаттандырылған болып саналады.

Отырыс нәтижесі бойынша, депутаттар заңсыз балабақшалар мониторингі тақырыбына қайта оралды. Білім Басқармасы сияқты Сарыарқа ауданының қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының төрағасы да «мұндай» балабақшаларды тексеріп, бақылауға алуға ешқандай құқығының жоқтығын алға тартты. Депутаттардың бұл мәселені шұғыл түрде шешуін сұрап танытқан наразылықтарына Ануар Қанатұлы бұл үшін яғни, ата-аналардың арзан, қолжетімді балабақшалар іздеп сабылмауы үшін, толығымен ресми, заңды бақшаларға ғана тіркеуге тұратындай етіп жағдай жасау керектігін айтты.Комиссия отырысының мәселесін қарастыру қорытындысы бойынша құзыретті органға тиісті ұсынымдар берілді.

Тұрақты комиссия жұмысына мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, мәслихат сессиясының төрағасы Ақылбек Күрішбаев, астананың атқарушы органдардың басшылары, бала-бақшалардың меңгерушілері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері қатысты.