Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша қала активі өтті.

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде елорда әкімі А.С. Көлгіновтың төрағалығымен, Нұр-Сұлтан қаласы активінің отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының тармақтары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, екі күн бұрын, 2 қыркүйек күні, ел басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына тұңғыш жолдауын жасаған болатын. Өз сөзінде мемлекет басшысы Елбасы дайындаған бес институтционалды реформаны және ұлт жоспарын іске асырудың маңыздылығына мән берді және сайлауалды бағдарламадан бірқатар ортақ міндеттерді атады. Жолдау мәтіні басшылықтың заманауи, әсерлі мемлекет құруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне, дамыған және инклюзивті экономикаға, әлеуметтік модернизацияның жаңа сатысына және еліміздің аймақтарын күшейтуге қатысты саясатына сай 5 маңызды бөлімнен құралды.

Жолдаудың үшінші, экономикамыздың жайы мен болашағы туралы бөлімді талқылауда депутаттар корпусынан Таукен Қ.К сөз сөйледі. Депутат мемлекет басшысының жолдауының бірнеше тұстарын тағы бір мәрте нақтылап өтті. Ол мемлекеттің ШОБ-ті қолдау үшін Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырғанын, микро және шағын бизнесті үш жыл көлемінде салықтан босату, микро және шағын бизнес нысандарын тексеруге үш жыл көлемінде тыйым салу және осы салаға қатысты бірнеше шараларды атап өтті.

Спикер "ҚР сауда Ассоциациасының вице-президенті ретінде Президенттің халықаралық нарықтағы ұлттық бизнесті қолдауын және Оның жоғары өндірісті орта бизнесті оған қоса, салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды қолдайтын шаралар жүйесін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясындағы басшылыққа берген тапсырмаларын; сонымен қатар ШОБ-ті мемлекеттік қолдауға шақыруды толығымен қолдаймын"- деп сөзін жалғады. Қ.К. Таукеннің пікірінше, жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және жинақтау кезінде келесі жылдан бастап ШОБ-дан қосымша салық түсімдерін өңірдің билігіне беру туралы шешім үлкен демеу болады. Осылайша, тағы көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, қалалықтар арасындағы жұмыссыздыққа тосқауыл қойылып, соған сәйкес олардың өмір сүру деңгейлері артатын болады.

Актив жұмысына астана мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәдениет және өнер қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.