Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бүгін Қазақстан халқына мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына қатысты кезекті жолдауын ұсынды. Жолдау негізгі 5 басымдылықтан тұрады.

Елбасы айтқандай, Конституциямызда Қазақстан- өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған. Осы жолдауда да Елбасы халқымыздың әлеуметтік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Әсіресе,қазақстандықтардың еңсесін көтеретін «7-20-25»атты бастамасы.Бұл халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуде ипотекалық несиені 7 пайызбен беру, бастапқы жарнаның  20 пайыздан аспауы, халықтың ай сайынғы төлемін төмендетіп, 25 жылға дейінгі мерзімге беру мәселесі көзделген, тиімді бағдарлама.

Келесі кезектегісалық  мәселесінде ең төменгі жалақы алатын адамдарға қолдау көрсету мақсатымен салықты 10 реттік көрсеткіште төмендетіп төлеу тиімді болып отыр. Бағдарлама 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады.

Елбасы жоғары білім саласына да ерекше тоқталды. Биылғы оқу жылында қосымша 20 мың мемлекеттік грант бөлінбек. Соның ішінде  11 мың грант техникалық және ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орындарына бөлінеді. Елбасының осы мамандарды даярлайтын оқу орындарындағы мемлекеттік гранттың бағасын Ұлттық университеттермен теңестіру мәселесі бұл техникалық мамандарға деген қамқорлығын көрсетеді. 2022 жылға дейін студенттерге арналған қосымша 75 мың орындық жатақхана салу мәселесін қарастыруды Үкіметке тапсырды.

    Төртінші басымдылықтағы шағын несиелендіру мәселесі елдегі жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамтитын топтар үшін үлкен көмек болмақ. 2018 жылы осы салаға қосымша 20 милиярд қаржы бөлінбек.

Елбасының соңғы басымдылығы елді газбен қамтамасыз ету. Ұлт көшбасшысы ел тұрғындарының 50 пайызын табиғи газбен қамтылғанына тоқтала келе, келесі кезекте Солтүстік және Орталық Қазақстан, Астана қаласын газбен қамтамасыз етуді Үкіметке тапсырды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік мәселесімен қатар экология мәселесін де қатар шешетінін атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, Елбасының  бүгінгі жолдауының- шын мәнінде әлеуметтік маңызы жоғары.Осы көрсетілген басымдылық мәселелерін шешуге мемлекеттің қауқары бар екенін халыққа тағы да жеткізді.

Сонымен бірге, Елбасы ел ішінде ынтымақ-бірлікке ерекше тоқталды. Қазақстанның көркеюі бірінші кезекте мемлекет құрушы этнос қазақ халқына тікелей байланысты екенін атап өтті. Ел бірлігі  бірінші қазақ халқына керек. Елбасы мен елі бірге болған жағдайда ғана жарқын болашаққа қол жеткіземіз.

 

Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы, қалалық мәслихаттың 9 сайлау округінің депутаты