Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдаулары барлық салалардағы жұмысшыларға үлкен жауапкершілік жүктейді, сондай-ақ еліміздің одан әрі жаңғыртуына маңызды ынталандыру болып табылады.

Менің ойымша, әрине, ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі - тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қалалық мәслихатының депутаты ретінде бұл мәселе маған өте маңызды, себебі өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй мәселесі болып табылады, өйткені, бұл мәселе әрдайым біздің халқымыздың ең өзекті және проблемалық мәселелерінің бірі болып табылады.

Менің ойымша, «7-20-25» жаңа ауқымды бағдарлама тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттырады деген ойдамын.Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауы жоспарланған, бұл біріншіден, педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады.

         Әкімдіктер сондай-ақ жергілікті бюджеттен төленетін бастапқы жарнаның жартысын субсидиялауды қамтамасыз етті, бұл тәжірибе біздің елордамызда сыналды.

Бұл бағдарлама 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді.Ұлт Көшбасшысының әр бастамасы миллиондаған адамдардың мүдделеріне әсер етеді. Бұл оңай қадам емес, бірақ оған күшті, экономикалық тұрғыдан тұрақты мемлекет құру арқылы келдік.

Соңғы жылдары Мемлекет басшысының экономикадағы әрбір қадамы біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Біздің басты мақсатымыз – халықтың сенімін нығайту, сондықтан қазіргі заманғы идеяларды және дамудың тиімді жолдарын пайдаланып, біз алдымыздағы барлық міндеттерді шешетінімізге сенімдімін.

 

Касенов Гайдар Қабдоллаұлы

Астана қаласының мәслихат депутаты

                                                             №21 сайлау округінен