Әкімдік такси қызметіне жүгінетін болады

Әкімдік қызметкерлерін қызмет көліктерінен таксиға көшіру жоспарланып отыр. Әкімнің орынбасары Амрин Асқар қатысқан мәслихаттың кезексіз сессиясында қалалық мәслихат депутаттарының алдына бұл ұсыныспен Астананың қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы Исқалиев Ғали сөз сөйледі.

Мекеме басшысының айтуы бойынша, мамандар бұл шешімге келмес бұрын, осы жобадан тиетін экономикалық әсерді санап шықты. 5 жыл ішіндегі бюджеттің күтілетін үнемделуі – 1,2 млрд. теңге. Жасалған талдауға сай, қала әкімдігінің бір автокөлігіне айына 500 мың теңгеге шығындалуға тура келді, бұл – автокөліктің өзін сатып алу ақшасын есептемегендегі сомма. Әр басқарма күніне орта есеппен 15 сапар жасайтынын ескере отырып, олар екі автокөлікке миллион теңгеге жуық шығын жасайтынын анықтауға болады. Егер бұл сапарлар таксимен жасалатын болса, басқармалар орта есеппен екі автокөлікке 30 мың теңгеге шығындалады.

Елорда әкімдігінің көлік қызметтерін негізгі 4 мекемеден тұратын жеке меншік таксопарктары консорциумымен қамту үшін мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік жобасы жасалды. Исқалиев Ғалидің айтуы бойынша, жеке меншік әріптес әкімдіктің сұраныстарын өтеу үшін, әрдайым эконом-классты 100 автокөлік қамтып, даярлап отыр.

Мекеме басшысы ескертіп өткендей, жоба мерзімі 60 айды құрайды. Бес жылдық мемлекеттік міндеттеменің жалпы соммасы 2 млрд. 71 млн. теңгеге саяды, бұл әкімдіктің қазіргі шығындарынан 20%-ға төмен.

- МЖК-ның басқа да тұстарын атап өту қажет. Астана әкімдігі бес жыл бойы жаңа автокөліктер сатып алмайтын болады және қолда бар 60 автокөлік емхана, мектеп сияқты ведомстволық бағынышты мекемелерге таратылады. Жалпы, біз барлығымыз елордамызда қауіпсіз такси болғанын қалаймыз және осы МЖК жоспар таксопарктарға сұраныстардың ұзақтығын арттырады, - деп Исқалиев түсіндіріп өтті.

Қала әкімшілігі таксиді ай сайынғы жалдау негізінде қолданып отырады, ал төлемді айдың соңында есептегіш арқылы жасайтын болады.

Жалпы, мәслихат депутаттары бұл жобаны үнемді ғана емес, заманауи деп те қолдады.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясында «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы өкілдерін қызметінен босату жайлы», «Астана қаласының тексеріс комиссиясы мүшесінің бұл қызметте болу уақытын арттыру жайлы» сұрақтары талқыланды. Осыдан басқа, мәслихаттың шешімімен азық-түлік тауарларларының жергілікті тұрақтандырма қорын басқару бойынша комиссия құрамы бекітілді.

Мәслихаттың кезексіз сессиясына Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Амрин, қалалық басқарма басшылары, «Алматы», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Байқоңыр», «Есіл» аудандары әкімдерінің аппараттарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.