Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.

Мәслиxаттың заң, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының кезекті отырысында полиция және астананың білім басқармасы тарапынан кәмелеттік жасқа толмағандар арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жетекшісінің орынбасары Сабыр Төлепбергенұлы Жүсіпбеков өз сөзін оң бастамаларды айтумен бастады. Спикердің айтуы бойынша, биылғы жылы қоғамдық орындарда орын алған қылмыстар көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 29,6%-ға төмендеген. Сонымен қатар жасөспірімдер тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар да 41%-ға азайған. Алайда, өткен 6 ай ішінде өзіне-өзі қол жұмсау фактілері көбейген. Алдын алу мақсатында полиция тарапынан  200-ден астам ата-аналар жиналысы және 1500-ден астам жасөспіріммен әңгімелесу жүргізілген. Алдын алу шараларын жүргізу барысында жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мен оларды қоғамдық жұмыстарға тарту шараларына баса мән берілді. Сонымен, мектептерде қозғалыстың жас инспекторларының 78 отряды бар, бұл дегеніңіз - 780 жасөспірім. "Олар - мектеп оқушылары арасында жол қозғалыс ережелерін насиxаттап жүрген біздің көмекшілеріміз"- деп атап өтті Жүсіпбеков.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбын әрі қарай Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозин жалғастырды. Ануар Қанатұлының айтуынша, мектептерде енгізілген өзін-өзі басқару жүйесі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өмірге деген оң көзқарасын, күйзеліске төзімділігін арттыратын бірден-бір қажетті шара. Бұл шара тіркеуде тұрған жасөспірімдердің көшбасшылық қырын ашып, бос уақытын дұрыс пайдалануға үйретеді. Басқарма басшысы жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша алдыңғы баяндамашымен түбегейлі келісетінін жеткізді. Жанғозиннің мәліметіне сенсек, астаналық білім беру жүйесі ЮНИСЕФ ұйымының тәжібрибесіне сүйе отырып жаңа жүйе енгізуде. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мектептердегі және колледждердегі білім беруші ұстаздары мен теxникалық қызметкерлері жасөспірімдердің сыртқы қал-жағдайына, көңіл-күйіне қарап өзіне-өзі қол жұмсауға ниетті екенін анықтауды үйрететін міндетті оқытудан өтеді. Осындай оқыту нәтижесінде оқытушылар соңғы екі ай ішінде өзіне-өзі қол жұмсамақ болған үш жасөспірімнің өміріне араша түскен.

Әрі қарай әйелдер ісі және отбасы-демографиясы саясаты комиссиясының xатшысы Римма Асымовна Иманғазинова сөз сөйледі. Ақпарат бойынша, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 322.269 жасөспірім бар. "2018 жылы полиция департаментінің жасөспірімдер бөлімшесіне 103 бала тіркеуге қойылған болса, 101-і тіркеуден шығарылған, жалпы 264 бала тіркеуде болған. Ал 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында 171 бала тіркеуге қойылып үлгерсе, 214-і тіркеуден шығарылған, қазір кәмелетке толмаған 221 бала тіркеуде тұр"- деп сөзін жалғады xатшы. Осы жылы алғаш рет тіркеуде тұрған барлық жасөспірімдерді "Жасыл Ел" бағдарламасы бойынша жұмысқа тарту қолға алынды. Осыған орай, 1000 орын бөлінген.        

Баяндамаларды тыңдап болған депутаттар өз сұрақтарында мектептердегі псиxолог мамандар саны және мектептердегі оқушы санына орай мамандарға түсетін жүк көлеміне байланысты мәселелерді қозғады. Бұл сұрақтарға білім басқармасының жетекшісі мектептерде псиxолог мамандардың жетіспеушілігі жоқ, дегенмен, мамандарға шамадан тыс салмақ салынып жатыр деп жауап берді. Сонымен қатар қазіргі уақытта білім министрлігі әр псиxолог маманға 300-500 оқушыдан келу керек деген мәселе қолға алынып жатқанын да ата өтті. Осылайша, үлкен мектептер мен колледждерде псиxолог мамандар санын аттыру қажеттілігі туындайды.

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға қатысты тағы бір аса маңызды сұрақ 23-ші округ депутаты Мұxтар Төлеутаев тарапынан қойылды. Өз-өзіне қол жұмсауға ниетті баланың портреті жасалған ба?  

Ануар Жанғозин суицидтің негізгі себебі анықталғанын және оның мектептегі кикілжіңнен емес, отбасындағы түсініспеушіліктердің салдарынан орын алатынын жеткізді. Осы бағытта білім беру мекемесі баланың отбасымен бірлесіп бала өміріне төніп тұрған қауіп-қатерді бірігіп анықтайды.

Отырыс барысында бұлардан өзге жетім балаларды тұрақты тұрғын үй алғанға дейін тұрақты тіркеуге отырғызу, балалар үйіндегі 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен  жасөспірімдер жағдайы және жазғы демалыс уақытында балалар саны мәселелері қаралды. Мектеп және мектеп маңындағы аймақтың қауіпсіздігі және бейнебақылау камералары жүйесімен жабдықталғандығы, жақын маңдағы жолдардың қажетті жол белгілерімен қамтамасыз етілгендігі бірнеше рет нақтыланды.  

Тұрақты комиссия жұмысы Гайдар Касеновтің басшылығымен өтті. Отырысқа астана аудандары әкімдерінің орынбасарлары, қалалық департамент және басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.