Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда

Астаналық мәслихат депутаттары тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз сұрақтарына арналған кезекті сессияға дайындық шеңберінде  ІІД жедел басқару және кинологиялық қызметінің орталықтарына барды.

Жедел басқару орталығын (ЖБО) құқық қорғау органдарының көзі деп айтуға әбден болады. Бұл жерге астана аумағында орнатылған шамамен 800 камераға түскен материалдың бәрі жиналады.

Астана қаласының ІІД ЖБО басшысының м.а. Азамат Жахиннің сөзі бойынша, қазір қалалық қиылыстарда тәулік бойғы видеобақылау 508 камераның көмегімен жүргізіледі, 125 камера қоғамдық жерлерде, 63 – аулаларда және тағы  99 – ІІД бөлімшелерінің аумақтарында орналасқан.

Халық қалаулылары полиция қызметкерлерінің назарын қала шетінде бақылау құралдарының жетіспеушілігіне аударды. Ал депутат Рамзия Умербаева тікелей оқу мекемелері алдындағы көшелердің жүргіншілер бөлігін камералармен жасақтау жеткіліксіздігі туралы  өзекті сұрақты көтерді.  Және алаңдататын келесі деректерді келтірді.

- Бірнеше жыл ішінде Қабанбай батыр даңғылы бойындағы біздің мектептің алдында 60 шақты баланы көлік соғып кетті. Ол жерде көше қозғалысы өте қарқынды. Ал жүргіншілер өтетін жолдың жанында видеокамера муляжы бар. Маған бұл заттың мақсаты түсініксіз. Нажимеденов көшесі бойынша 74-мектептегі жағдай бұдан да күрделі. Арнайы өтпе жолдардың болмауынан балалардың машиналарға қатерлі жақындықта көшеден жүгіріп өткенін мен өз көзіммен көрдім, - деп бөлісті көкейтесті мәселемен Рамзия Фаатқызы.

Анықталғандай, қазіргі кезде 95 жалпы білім беретін мектептердің ішінде тек 35 оқу мекемесінің алдында ғана жүргін бөлікте видеотіркеу құралдары орнатылған. Депутаттар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарын алдыңғы сессияда мұқият қарастыруға шешім қабылдады.

ІІД кинологиялық қызмет орталығына сапар да өте қызықты болды. Қонақтарды орталық қызметкерлері және олардың тәртіпті төрт аяқты әріптестерінің бейнелі қатары қарсы алды. Қазіргі кезде ол жерде 46 маман, оның  ішінде 36 кинолог 55 итті жаттықтырады. Негізінен неміс және бельгиялық  овчаркаларды, лабрадорлар мен спаниелдерді ұстайды.

Бүгінде қызметтік иттер жедел қызметтің криминалистикалық  одорология, есірткілерді, жарылғыш заттарды, оқ-жарақты табу тәрізді дәстүрлі бағыттарында ғана пайдаланылмайтынын ескеру керек. Қазір олардан барлаушылар және тіпті шабуылдаушылар дайындайды.

Айтқандай, соңғылары депутаттардың көзінше өзінің қажырлы күш-қуатын, көз ілеспес жылдамдығын және қателеспейтін сезгіштігін көрсетті. Мәселенің мәнісі мынада, кинологиялық орталықтың мамандары қонақтар үшін қарулы қылмыскерді ұстауды арнайы ұйымдастырды. Автомат тарсылы мен машиналардың шуымен қоса күш-қуаты мол им залымның көлігіне секіріп мінді және оны қарусыздандырды. Одан кейін шабуылдаушы топ та келіп жетті. Шабуылдаушы ит – көріністің басты қаһарманы – сүйсінген көрермендердің ду қол шапалағына ие болды.

- Бұл иттер атыс-шабыс дыбыстарынан қорықпайтынына назар аударуларыңызды сұраймын, ал басқа жабайы және үй жануарларының көпшілігі қару-жарақ дауысынан естері шығып, қорқып қашады. Оның үстіне, біз бұл иттерді барлау операциялары үшін де дайындаймыз. Айталық, қандай да бір жерде немесе объектіде лаңкестер отыр. Оларды зарарсыздандырмас бұрын, олар туралы барынша көп мағлұмат жинау қажет.  Қызметкерді мұндай мақсаттарда пайдалану қауіпті, себебі жырынды қылмыскерлер сеспей өлтіретін болады. Мұндай жағдайларда иттерге баға жетпейді. Біз шылбырына видеокамера бекітеміз және нағыз барлаушы алдымызда болады, - деп әңгімелейді Астана қаласының КҚО басшысы Берік Қабылбеков.

Проблемалар арасында орталық басшылығы мамандардың жетіспеушілігін атады. Анықталғандай, орталық қазір тағы он кинологқа мұқтаж.

Бұдан кейін депутаттар тобы орталық тәрбиеленушілерінің күтіп-ұстау жағдайларын қарады және көргендеріне қанағаттанды.

Депутаттар енді Сарыарқа ауданының ІІБ-на, көші-қон полициясы Басқармасына баруды және астаналық ІІД өткізетін арнайы техниканы көрсетуге қатысуды жоспарлауда.

Қаланың ІІД объектілеріне Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г.Нұрпейісов, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барды.