Көктал-2 жолсыз қалмайды

Көктал-2 алабының белсенді тұрғындарымен бетпе-бет тілдесуден кейін, Астананың қалалық мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нурпиисовтің бастауымен жергілікті тұрғындардың әкімдік өкілдермен және осы ауданда жұмыс істейтін мердігер ұйымдармен кездесуі болды. Жиналыс №68 орта мектепте өтті.

Жанат Нурпиисовтің айтуы бойынша, жеке қабылдау кезінде оған Көкталдың тұрғындары бірнеше жыл бойы алабта аббаттандыру ісі аяқталмағаны жайлы жүгінді. Тұрғындар жаяужолдың жоқтығына, қиратылған жолдар, ашық құдықтар, қоқыс алаңдарының жетіспеушілігіне және тағы да басқа көптеген тұрмыстық мәселелерге шағымданды. Жағдайды өз көзімен көріп, аббатандыру ісінің тоқтатылу себептерін және аяқтау мерзімін анықтау үшін, жергілікті тұрғындардың наразылықтарын тыңдап шығу үшін кентке жол жүру ұйымдастырылды.

-       Бұл жоба 2012 жылдан жүзеге асып келеді. Яғни алты жыл бойы мұнда инфрақұрылымның дамуы жүріп жатыр. Шынын айтқанда, жоба созылып кетті. Осы жылы әкім алдында жұмыстардың аяқталуына 1 млрд тенге қалдық сомманың бөлінуі жайлы сұрақ қою қажет. Егер бюджеттік мүмкіндік туып жатса, жұмыстың көп бөлігі де аяқталатын болады. Жобаның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жалпы құны 8 млрд тенге шамасын құрайды. Сонымен қатар, қаражаттың басым бөлігі игеріліп қойды. Мердігер осы жылы міндеттер толық көлемде орындалады деп уәде береді, бірақ мәселе қаражаттандырудың жоқ болуында, - деп түсіндірді Жанат Нурпиисов.

Тұрғындармен кездесуге қалалық басқарманың, «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қызметкерлері, ІІД жергілікті полиция қызметінің өкілдері, сонымен қатар «Астана су арнасы» МКК келіп жетті. Тұрғындардың шенеуніктермен тілдесуі эмоционалды бастау алды. Бұл ретте әркім өзінің мерзімі жеткен қиындығын айтып жеткізуге талпынды. Халық наразылығының басым бөлігі жолдардың жоқтығымен байланысты, әсіресе, мектеп пен балабақшаға баратын жолдар. Автоиегерлер өз кезегінде көлік құралының бұзылуына шағымданды.

-       Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерде не жаяу жүру, не көлікпен өту мүмкін емес. Уақытша асфальт орнатуға да болмады ма? Балалар мектепке батпақ жермен барады, аяқтарына целофан пакеттер киеді. Ауданда осындай жол шұңқырлары бар кем дегенде бес көшені үнемі айналып өтуге мәжбүрміз, - деп жергілікті тұрғындар ызаланады.

Мердігер ұйым өкілінің айтуы бойынша, қазіргі уақытта жұмыстардың 70 пайызы орындалды. Жұмыс кестесіне сәйкес, құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады. Жаздың соңына дейін қалған көшелер асфальтталады.

- Шығыс көшелерін аяқтау ғана қалды. Қазір Ұлытау көшесін асфальтпен жаптық, осы айда Бостандық көшесіне дейін өтуді, Амантоғайға шығып, Көкталмен жалғасуды жоспарлаймыз, - деп түйді мердігер ұйымның өкілі.

Сонымен қатар, ұйым өкілдері бұл жоба жолдарды жөндеу ғана емес, кәріз жүйесі, электр және сумен жабдықтау жұмыстарын да атқаратынын ескертті.

Жергілікті тұрғындар кәріз жүйесі қай уақытта тұрғын алабында өткізілетіні жайлы да сұрақтар қойды. Бұған МКК «Астана су арнасы» директорының міндетін атқарушы Сергей Вилков жеткізуше коллектор құрылысы аяқталып келе жатқанын хабарлады. Күз мезгіліне дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, коллектор толық көлемде жұмыс істейтін болады. Бұл ретте Көкталдағы автомобиль жолдарының басқару желісі бойымен салынып жатқан барлық көшелер орталық канализация жүйесіне қосылатын болады. Сол арада кент тұрғындары құдықтарды жабу мәселесін шешуді өтінді. Мердігерлер құдық қақпалар ұрлап кете беретіндіктен, құдықтар жиі ашық қалатынын, бірақ осы күндері бұл мәселені шешетіндерін уәде етті. Осыдан басқа, кентте жақын арада қоқыс алаңдарының құрылысы аяқталатыны анықталды. Тұрғын алабына 80-нен аса контейнерлер бөлінген.

Көшпелі кеңесуге Астана қаласы мәслихатының  хатшысы Жанат Нурпиисов, маслихат депутаты Гаипов Зулфухар, сонымен қатар, «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қызметкерлері, қалалық басқармалар мен қалалық коммуналдық кәсіпорындарының орынбасарлары қатысты.