Көше саудасын ретке келтіру қажет

Астанадағы «1000 орынды – көше саудасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша маслихаттың тұрақты комиссия отырысы барысында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдеріне қалалық маслихат депутаттарының көптеген сұрақтары туындады. Қызу таласқа қарамастан, халық қалаулылары бұл Бағдарламаны соңына дейін аяқтау қажет деген тұжырымға келді, өйткені қаланың кіші және орта кәсіпкерліктері жаңа мәселеге тап болады. 

Негізгі сұрақтар бойынша баяндамашыларды тыңдаудан бұрын, арнайы шақырылған қонақ - Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Татьяна Яковлева маслихаттың алда тұрған жұмысы туралы әріптестерімен бөлісіп, баянат жасады.

- Парламенттің алтыншы шақырылымының жұмысы барысында 111 заң жобасы пысықталып, оның ішіндегі 84 қабылданып, 70-тен астамы Елбасымен қол қойылған. Парламент мәжілісінің негізгі жұмысы Президенттің 2017 жылғы 25 қаңтар  Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып үш реформа өткізу қамқорлығымен өтті. Парламент мәжілісі депутатының айтуы бойынша парламент бірінші блок бойынша 10-нан астам заң жобасы пысықталды және бүгін оның барлығына қол қойылған. Олар негізінен, ҚР Конституциясын қабылдау маңыздылығымен сәйкестендірілген конституциялық реформаны өткізуге қатысты. Елбасымен қойылған тапсырмалар тек қана мәжілісмендерден ғана емес маслихат депутаттарынан да барлық тапсырмаларды іске асыру жауапкершілігі арта беретінін Татьяна Яковлева еске салып өтті.

Негізгі сұрақ бойынша қаланың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орныбасары Руслан Идрисов «1000 орынды – көше саудасы» бағдарламасы кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жасалынғанын еске салып өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін көшелік сауданы ұйымдастыру мақсатында 737 жер учаскелері анықталған және келісілген. Бағдарламаның операторы «ҰК «СПК Астана» АҚ болды және олар бизнес жүргізу үшін учаскелерді беруді үйлестіреді. 

- Бүгінгі таңда конкурс қорытындысы бойынша киоск орнату үшін учаскелерді беру бойынша кәсіпкерлермен 425 қосалқы жалгерлік шарт жасалды. Оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидек сату үшін 149 орын, фаст-фуд іске асыру үшін 149 орын және мерзімдік сауда үшін 62 орын анықталған. Тамқтану өнімі үшін 31 орын, гүл сату павильоны үшін 33 орын, мобильдік техникалық қызмет көрсету үшін 19 орын, балалар ойын-сауық ұйымдары үшін 23 орын, газеттік киоскалар – 12 орын, тұрмыстық қызмет үшін – 4 орын, кәдесый бұйымдары үшін – 3 орын бөлінген, – деді Басқарма басшысының орынбасары.

Бағдарламаның операторы сауда тұрақтарын бақылау жасауға және реттеп отыруға міндетке ие, - деп атап өтті. Егерде бұзушылық анықталса, ескертуді жою мерзімі туралы хабарландыру жіберіледі және есеп ұсынылуы қажет. Бүгінгі таңда 15 хабарландыру берілген және 2 қосалқы жалгерлік шарт бұзылған. Міндеттерді жауапсыз орындайтын кәсіпкерлер тізімі құралған, қосалқы жалгерлікке жерді берудің жаңа Ережелері дайындалған және қаланың мемлекеттік органдары мен Кәсіпкерлік палатасымен келісілген.

-   Баяндамашының айтуы бойынша, жерді жаңа механизмге сәйкес аукцион арқылы, комиссиялардың іріктеуінен өту арқылы, желілік шарт жасаумен және тікелей шарт жасау арқылы алуға болады.

Сонымен бірге, кәсіпкерлерде бірнеше күрделі мәселелер пайда болады деп басқарма өкілі мойындады. Олар стихиялық сауда, жер орындарының өтімсіздігі, пәтер иелерінің кооперативі жағынан және жақын арадағы үй тұрғындарының кедергілеріне байланысты күтпеген шығындар болуы мүмкін. Мысалы, сауда павильондарына арнайы техниканы тапсыру.

Осы сұраққа халық қалаулылары ерекше көңіл аударды. Кәсіпкерлерге берілген орындардан өздерінің көше шатырларын алып кетулері түсініксіз, - деді депутаттар. Орындар абыл-сабыл және ойластырылмаған жерлерден беріледі деп депутаттар тұжырым жасады.

Осының дәлелі ретінде 8-сайлау учаскесінің депутаты Алтыншаш Табулдина №5 қалалық емхананың парктік аймағында және №58 мектептің қасында осындай киоск тұрғанын айтты. 

- Жедел жәрдем машинасы тұрағының орнында орналасуына қарамастан, бұл сұрақ денсаулық сақтау және оқу орындарының басшылықтарымен келісілмеген. Көше саудалары алдын ала ойластырылмайтындай әсер қалдырады, - деді Алтыншаш Табулдина.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге сауда жасау үшін 7 жылға жалға берілетін жер орындары үлкен мерзім екендігі туралы депутаттар өз ойларын айтты.

-  Біз қаланың жол бойындағы киоскілерді алып тасатуға көп жылдар жұмсадық, ал қазір осы мәселеге қайтып оралып отырмыз. Бұл киоскілер жөнсіз жерлерде орналасқан. Бұдан бөлек, фаст-фуд сауда шатырлары канализация, су құбырлары жоқ екендігіне сенімдімін, қандай Елорда статусы жайлы айтып жатырсыз, - деді 21 сайлау учаскесінің депутаты Гайдар Касенов. – Тәжірибеге сәйкес айтатын болсам, тұрғылықты орындардағы киоскілерді алып тастау өте қиын, және бұл мәселені Кәсіпкерлік басқармасы емес, Жергілікті полиция органдары айналысады және жаңа мәселеге тап болады, өйткені кәсіпкерлер 7 жылға жасалынған жалға беру шартын көрсетеді!

Жер телімдерін беру мерзім механизмін істеп шығу қажет екеніне депутаттар сенімді. Өз кезегінде, маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов шартты бір жылға жасау туралы, кейінірек адал кәсіпкерлермен екі және көп жылдарға ұзарту туралы нұсқаны ойластыруды ұсынды.

Қорытындылай келе, тұрақты комиссия мүшелері бағдарламаға бөлінген жер телімдері санын және бүгінгі таңда бар орындарға дейін қысқарту мүмкіндігін қайта қарап шығуды ұсынды.

Тұрақты комиссия отырысына қалалық маслихат хатшысы             Нұрпейісов Ж.Г., қалалық құрылымдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.