Кәсіпкерлік мәселелері мәслихат депутаттарының бақылауында

Елорда мәслихатының хатшысы Жанат Нурпиисов апта сайын өтетін азаматтарды кезекті қабылдауында жеке кәсіпкер Кайрат Мендыгалиевті қабылдады. Мендыгалиев жүгінген мәселе-боулинг кешендері үшін тіркелген салық ставкасының төмендеуі. 

Кайрат Мендыгалиевті тыңдай келе, мәслихат хатшысы соңғы үш жыл ішінде қала мәслихатына қала кәсіпкерлерінің мәслихат бекіткен тіркелген салық ставкаларын ең төменгі мөлшерге дейін азайтуға қатысты өтініштері келіп түсетінін атап өтті.

Мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов өтініш берушіні осы мәселені зерделеу бойынша мәслихат өткізген іс-шаралары туралы хабардар етті. Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтар айында қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында аталған мәселе бойынша қала кәсіпкерлер палатасының өтінішін қарау барысында, қабылданған қаулыда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға хронометраж жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді, оның нәтижелері бойынша тіркелген салық ставкаларын төмендетумен Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты шешімінің жобасын дайындау және оны қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізу.