Күрішбаев Ахылбек - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор

Мемлекет басшысы өзінің жылдағы Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуының стратегиялық бағыттарын анықтағанда әрдайым олардың нақты іске асыру жолдарын

көрсетеді. Бұл жолы да мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы өзекті сұрақтарды қамтыған Жолдау экономиканың қарқынды дамуы, қолда бар ресурстардың оңтайлы пайдаланылуы есебімен халық әл-ауқатының жақсаруына бағытталды, яғни оның назарында тағы да адамға қамқорлық, соның ішінде, оның денсаулығына, білімінің деңгейіне, сапалы азық-түлік тағамдарымен қамтылуына қамқорлық болды. Бұл жоспарда мен тек бір тұсқа, менің ойымша, Елбасы айтқан аса өзекті сұраққа тоқталғым келеді. Бұл - ауыл шаруашылыққа арналған жерлерді тиімді пайдалану мен жерді пайдалану процесстерінің бақылауын күшейту қажеттілігі. Шынында да, жер пайдалану сұрақтары бүгінгі күні аса көңілаударарлық болып табылады және олардың шешімінің елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Біздің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіміздің ұжымы оларды толықтай қолдайды және өзінің нақты істерімен олардың іске асуына шамасы жеткенше септігін тигізуге дайын. Біздің университеттің ғалымдар соңғы жылдары заманауи цифрлық технологиялардың қолданылуымен жер пайдалану процесстерінің мониторингін іске асыру сұрақтары бойынша белгілі жұмыстар атқарғанын баса айтқым келеді. Соның ішінде, шетел әріптестерінің қатысуымен біз жердің дистанционды алдын ала тексерілу әдістемесін меңгердік, оларды іс жүзінде жасап көрдік және жер пайдаланудың барлық процесстерін бақылаудың тиімді құралын кең қолданысқа ұсындық. Оны қолдану арқылы кез келген жиілікпен және кез келген ауа райылық жағдайда жоғары нақтылықпен мемлекеттің әр жер пайдаланушының әр жер көлемін бақылауға болады. Мысалы, жерлердің ғарыштық мониторингі көмегімен Ақмола облысының жеке аудандарында жыл сайын егіндік жердің 7-12%-ы қолданылмайтыны, яғни бос жатқандығы анықталды. Бұл жағдайдың барлық солтүстік Қазақстанға тән екенін күмәнсіз айтуға болады. Ал бұл өз кезегінде, мемлекеттің негізгі егін егілетін жерлерінде жыл сайын миллиондаған гектар құнарлы егістіктің ауыл шаруашылық айналымдарында қолданылмайтынын білдіреді.

Дәл осы жолмен біз жайылым жерлердің де ғарыштық мониторинг әдістемесін меңгердік. Және мұны біз Ақмола облысының 2 ауылдық өңірінің жайылым жерлерін зерттеу арқылы іс жүзінде дәлелдедік. Мұнда жалпы қолданыстан

деградацияланған жайылымдардың шекарасы анықталды және оларды қайта қалпына келтіру туралы нақты ұсыныстар жергілікті атқарушы органдарға айтылды.

Бұдан басқа, біз алғаш егістіктердің топырақтық картасын цифрлық форматқа көшіре алдық, бұл топырақ жағдайының бақылауын іске асыру үшін ғана емес, олардың құнарлылығын арттыру шараларын жоспарлау үшін де аса маңызды.

Топырақтың химиялық құрамын зерттей отыра, біз «1 топырақтық нұсқа – 1 гектар» форматындағы нақты егіншіліктің технологиясын енгізу үшін алғаш рет жазықтардың агрохимиялық картограммасын құрастырдық. Бұл жұмыстың нәтижелері шаруашылықтағы топырақ құнарлылығымен елеулі мәселелер бар екенін көрсетті. Зерттелген егістіктердің 50-80%-ы азоттың, фосфордың және гумустың қозғалмалы формаларының төмен және өте төмен деңгейдегі мөлшерін көрсетті. Бұл жайында Мемлекет Басшысы бойкүйез жер пайдаланушылардан жерді тартып алып, оларды нәтиже көрсететін иеленушілерге беруді өте дұрыс атап өтті.

9 базалық шаруашылықтарының - Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының сынамалы далаларында нақты егіншілік технологиясын енгізу жайлы жобаны іске асырумен жұмыс істей отыра, біз олардың практика жүзінде біздің шындығымыздың шарттарымен кең қолданылу мүмкіндігін дәлелдей алдық және материалды-техникалық және қаржылық көздердін орынды қолдану арқылы жоғары өнімге қол жеткіздік.

Қорыта келе, Жолдаудағы Мемлекет Басшысымен қойылған мақсаттар нақтылы және орындалатын мақсаттар екенін баса айтқым келеді. Экономиканың аграрлық секторы туралы айтар болсам, Президенттің қойған мақсаттарын заманауи агротехнологияларды қолдана отырып жүзеге асырсақ, біз бұл тұқымды мемлекет экономикасының драйверына айналдыра отыра, еңбек өнімділігін арттырамыз және арттыруға міндеттіміз.