Әлеуметтік салаға қосымша қаржы қарастырылды

Бюджет жобасын қарастыру қорытындысы бойынша әкім жолаушылар тасымалына қоғамдық-маңызды маршруттарды қаржыландыруға қосымша қаражат бөлу шешімін қабылдады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Хорошун Сергей қатысқан мәслихаттың кезексіз сессиясы кезінде, депутаттар жергілікті бюджеттен қосымша қаржы тағы қандай іске бөлінгенін анықтады.

Астана қаласы стратегиялық және бюджеттік жобалау басқармасының басшысы Уразгулов Расул атап өткендей, жолаушылар тасымалына көмекқаржы 1млрд. 980 млн. теңгені құрайды. Бұдан басқа, бағдаршам объектілеріне қызмет көрсетуге 160 млн. теңге сомасында қосымша қаржы және қаражатты қайта қарастыру нәтижесінде бас жоспарды түзету жұмыстарына 110 млн. теңге қарастырылған.

Осыған байланысты депутат Есенжолов Еркеғалиде автобус парктерін инвестициялау жөнінде сұрақ туындады.

- Алдыңғы сессияда жол жүру тарифын көбейту жөнінде мәселе көтерілгенде депутаттарға жаңа тариф барлық шығындарды өтейді деп сендірді. Не себепті жолаушылар көлігін қайта инвестициялау қажеттілігі туындап отыр? – деп сұрады депутат.

Бұған Уразгулов Расул шынымен де көлік картасымен 90 теңге және қолма-қол төлеумен 180 теңгені құрайтын дифференциалды тариф енгізілгенін айтты.

- Бүгін «Астана LRT» ЖШС мәліметтері бойынша, жолаушылардың 90%-ы жүйелі төлеуге көшкен. Көмекқаржының көлемін анықтаған кезде біз жолаушылар тасымалына бекітілген көмекқаржы әдістемесіне сүйендік. Ол бекітілген тариф пен нақты тариф арасындағы жеке маршруттарда 107 теңгеден 350 теңгені құрайтын айырмашылықты анықтайды. Бұл айырма көмекқаржы арқылы төленеді. Бұдан басқа, өтінім 4,2 млрд теңге болды, бірақ бюджеттік комиссия шешімі бойынша көліктің жыл соңына дейін тұрақты қатынауы үшін қосымша 1 млрд. 980 млн. теңге бөлінеді.

Әкімнің орынбасары Хорошун Сергей көмекқаржының сомасы көбірек болуы мүмкін еді, бірақ тариф 200 теңгені құраса, бюджеттен қаражат мүлде талап етілмесін растады

 

- Күніне автобустар кем дегенде 500 мың жолаушыны тасымалдайды. Бұл оқушылар, студенттер мен демалушыларды есептемегенде.  Қыркүйек айында бізге шынайырақ ақпарат беріледі, сонда біз нақтылы жолаушылар легін көре аламыз. Егер біз соңғы 4 жыл ішінде көмекқаржы төлемесек, көмекқаржыға 50 млрд. теңгеден көп қаржы кетер еді. Дәл осындай жағдай жеңілдік иеленушілерде де туындап отыр. Күн сайын автобустар 70 мыңнан 150 мыңға дейін жеңілдік иелерін тасымалдайды. Олардың тасымалдануына да бюджеттен көмекқаржы бөлінеді, - деп, әкім орынбасары баса айтты.

Жалпы, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында атап өткендей, бюджеттік қаржыны иелену мониторингінің қорытындысы негізінде ішкі қайта қаралым жолымен жеке бюджеттік бағддарламалар бойынша жылдық жоспарлық міндеттер қайта қарастырылды. Оларды елорданың дамуына кейінге қалдырылмайтын міндеттердің шешілуіне бағыттау ұсынылды.

Астананың 2018 жылғы қаңтар-шілде айларының өзіндік табыс көлемі 136,2 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 2,4%-ға жоғары. Сонымен қатар, салық түсімдері 3,6% өсіммен 126 млрд. теңгені құрады.

Жасалған талдау өзіндік табыстардың артуына байланысты 6 млн. теңгеге, 3 млрд. теңге көлемінде салықтық түсілімге, салықтық емес 1,4 млрд. теңгеге, негізгі капиталдың сатылымынан түскен 1,6 млрд. теңгеге резервтің бар-жоғын анықтауға көмегін көрсетті.

- Шығынның негізгі бағыты әлеуметтік сала болмақ: денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаныс, мәдениет және спорт. Бұған 2 млрд. 636,3 млн. теңге қарастырылған, - деп, Басқарма басшысы түсіндіріп өтті.

Транспорттық инфрақұрылымның дамуына 3 млрд. 951 млн. теңге, соның ішінде орташа және қазіргі жол жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 317,8млн. теңге қарастырылған.

Мемлекеттік жалпы орта білім беру  тапсырысы шеңберінде, жан басылық қаржыландырудың артуына байланысты қосымша 432,3 млн. теңге соммасында қарастырылған. Бұдан басқа, екі жаңа бақшаны қамтуға 52,3 млн. теңге жоспарланып отыр.

Транспортты басқару және жол-транспорттық инфрақұрылымға қосымша 3 млрд. 951,6 млн. теңге қарастырылған. Сонымен қатар транспорттық инфрақұрылымның дамуына - 341,8 млн. теңге. Бұл қаражат 14 автокөлік жолы жобалануының жалғасуы мен аяқталуына және аялдама павильондарының құрылысына жұмсалады. 

Сол арада ол мәселелі көше сұрағын жылдамырақ шешу үшін, мәселені қайта қарастыруға уәде берді.

 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына осы салада ақпараттық-аналитикалық қызметтерге қосымша 109 млн. теңге қарастырылған және 21,9 млн. теңге Жағдаят орталығының ашылуына бөлінбек.  

Жол-транспорттық инфрақұрылымға келсек, Шибкенов Зейнолла алдыңғы жылы Жаңа жол көшесінің кеңеюіне байланысты жолдың жөнделуі уәде берілгенін еске салды. Алайды жобаның іске асуына 2 млрд. теңге алынғаны анықталды. Хорошун Сергей мәселемен таныс екен. Ол жергілікті атқарушы органдардың министрлікпен келіспеушілігі болған үшін жобаны шектетуге мәжбүр болғандарын  түсіндірді.

- Ғимараттың салынуына қаражат бөлініп, аталған көшедегі құрылысты бұзуға қаржы бөлінбегені анықталды. Алайда жақында мемлекет Басшысымен қаланың бесжылдық даму жобасы бекітілген мәжіліс өтті және әкіммен талқыланған барлық жолдар сол жоспарға енгізілген. Дәл осындай оқиға Уәлиханов көшесімен туындады, бес жыл бойы оған балама көше керек деп айтылып келе жатқан. Осы Уәлиханов көшесінің мәселесін шешіп, оған балама бола алатын Асан Қайғы көшесін жөндеу бесжылдық жоспарға еніп отыр. Тек осы көшені бұзу 7 млрд. теңгеге шығады, - деп түйіндеді.

 

Мәжіліс кезінде депутаттар тағы да бірқатар сұрақтарды талқылады.  «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық пен маусымды өткізу ережелері жайында», «Астана қаласының Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету жайында» күшін жойған маслихат шешімін қабылдау, жер телімдерін сатып алу жобалары келісімшарттарының келісілуі және тағы да басқа маслихат шешіміне өзгертулер енгізу күн тәртібінде болды.

Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошун, қала басқармалары мен департаменттерінің басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері және БАҚ қатысты.