Әлеуметтік жарнама қаншалықты маңызды?

Астана маслихатының тұрақты комиссисының кезекті отырысында қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы iKomek Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған Қоғамдық даму істері басқармасы бойынша қаржы жобасын талқылады.

Қоғамдық даму істерінің басқармасының басшысы алдағы 2019 жылы бөлінген қаржы есебінен қандай жобаларды іске асыратындығы жөнінде айтты. Олардың ішінде – физикалық мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған іс шаралар жиынтығы, мансаптық кеңес беру жобалары- бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, пікірталастар, жарыстар, фестивальдар , экологиялық бағыттағы акциялар сондай-ақ аула клубтарының жұмысы, «Жасыл ел» бағдарламасы, жастарға арналған кәсіперлікті дамыту мектебі, жазғы және қысқы балалар лагерьін өткізу сияқты жоблар айтылды.

- Президент жарлығы бойынша 2019-жыл Жастар жылы болып жарияланды, соған байланысты бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда қосымша қаржы бөлуді сұраймыз,- деді Данияр Есин.

Ол маслихат депутаттарының назарын қоғамдық даму істері басқармасымен іске асырылатын кейбір бағдарламаларға 2019-2021жылдарға арналған қаржы жобасында бюджеттік қаражаттың жетіспеушілігі байқалатынын атап айтты.

- Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басқарма жұмысында ең басты негізгі бағыттың бірі болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік жарнама мемлекеттік саясатты көрнекі түсіндіру үшін және әлеуметтік ақпарат көзінің маңызды құралы болып қала бермек. Биылғы жылы әлеуметтік жарнаманы орналастыру үшін 2 400- ден аса жарнама конструкцияларын пайдаландық. Астананы безендіру аясында 50- ден аса әлеуметтік және мәдени-бұқаралық, спорттық, халықаралық және тағыда басқа тақырыптарды қамтитын безендіру жұмыстары қамтылды. Бірақта 2019-жылға әлеуметтік жарнамаға қаржы бөлу мәселесі қарастырылмаған, соған назар салса дегем. Қала үшін әлеуметтік жарнаманың маңызы зор. Әлеуметтік жарнаманың көмегімен тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша, көмірді қайдан алу керектігін, төмен бағадағы әлеуметтік маңызы жоғары өнімдерді қайдан алу керектігі жөнінде ақпарат тарата аламыз. Әлеуметтік жарнамаларды ереже бойынша автобус аялдамаларында және қаланың ең көрнекті орындарында көруге болады –деді Данияр Есин.

- Басқармаға алдағы жастар жылына жоспарланған барлық іс шараларды республикалық Жол картасы сияқты біріктіріп маслихатқа ұсыну қажет –деді астана маслихатының депутаты Мирас Шекенов.

Сонымен қатар маслихаттың тұрақты комиссия отырысында Қалалық мониторинг және iKomek жедел әрекет ету ету орталығы директоры Жаннат Дубирова сөз сөйледі. Оның сөзі бойынша негізгі қызмет көрсету ережесі бойынша, бұрыннан «109» деп танитын қызмет көрсету орталығы қалалық қызмет көрсету сапасын арттырады. Жыл басынан бастап 880 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бізде тәулігіне 24 сағат бойы әлеуметтік желілердегі өтініштер мен шағымдарды қабылдап, өтінімдерді тіркеп отыратын операторлар бар. Олар роботтар емес, тірі адамдар. Өтініштердің 8 пайызы әлеуметтік желі арқылы қабылданады, жыл басынан 68 мың өтініш қабылданды. Біз Facebook әлеуметтік желісінде адамдар өздерінің шағымын қалдыратын 10 топты қадағалап отырамыз. Бірде бір шенеунік бұндай көлемді ақпаратты өзінің қызметімен атқара отырып қатарластрырып өңдей алмайды. Қызмет көрсету орталығының болуы халықтың шағымдарына уақытында әрекет етуіне көмектеседі -деді Жаннат Дубирова.

Тұрақты комиссия жұмысында маслихат хатшысы Нурпиисов Ж.Г., қалалық басқару басшылары, басқа тұрақты комиссия депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.