Мемлекеттік қызметкердің салтанатты ант қабылдауы

2019 жылдың 11 шілдесінде астана мәслихатында мемлекеттік қызметкер Халелова Эльмира Егизековнаның ант беру рәсімі өтті. Салтанатты антты «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ жетекшісі Б.А.Ахметжанова қабылдады.

Бақыт Амангелдықызының айтуынша, мемлекеттік қызметке қайта оралған мемлекеттік қызметкерлер қайта ант қабылдауға міндетті. Аталған шара Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет жөніндегі» Заңына, 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімімен мақұлданған мемлекеттік қызметкерлердің және Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының ант қабылдау ережелеріне сәйкес.

Осылайша, Эльмира Халелова еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

Мәслихат аппаратының басшысы жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметкерді сынақ мерзімін табысты аяқтап, Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдауымен құттықтады. Қызметте табысты болуды тілеп, Эльмира Халелованың өзіне артылған үміт пен сенімді ақтап, өз міндеттерін адал атқаратындығына сенім білдірді.