Мемлекеттік мұрағат электронды форматқа көшіріледі

Астаналық Мемлекеттік мұрағат заманауи техника сатып алу мен ескірген ғимаратты жөндеуге 145 млн. теңге сұратады. Қаражат, ең алдымен, мұрағаттық құжаттарды цифрлық үлгіге көшіруге сканер сатып алу үшін қажет. Егер таяу жылдарда цифрландыру қолға алынбаса, қағаз сақтайтын орын болмайды.

Дәл қазірдің өзінде қойманың 99,9% толған. Сол ретте құжаттар мұрағатқа түсуін күнделікті жалғастырып келеді.

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс сұрақтары бойынша тұрақты комиссия мәжілісі қарсаңында қалалық маслихат депутаттары Сейфуллин көшесінде және Пригородный тұрғын алабында орналасқан Астаналық Мемлекеттік мұрағат ғимараттарында болды.

Мекеме директоры Арысбек Көкбастың айтуы бойынша, ғимарат қоймасы жоюға жарамайтындықтан, оны дереу цифровизация арқылы босату қажет.

Қолда бар бір сканер 10 жыл бұрын алынған. Осындай мөлшердегі құжаттармен ескірген техника жұмыс жасай алмайды.

-Төртқабатты типтік ғимарат сонау 1978 жылы салынған. Қойманың шамадан тыс толуы құжаттарды керекті мөлшерде қабылдауға мүмкіндік жасай алмайды. Бұл олардың бүлінуіне әкелуі мүмкін және мұнан былай оларды қалпына келтіру де мүмкін емес. Құжаттық материалдарға сараптама жүргізу үшін арнайы жабдықтар жоқ, бұл олардың жедел және сапалы өңделуіне, соның ішінде ерекше құнды, тарихи-мәдени маңызы бар құжаттардың да өңделуіне кедергі жасайды, - деп атап өтті Арысбек Көкбас.

Мемлекеттік мұрағаттағы құжаттардың тек 1%  ғана цифрлық үлгіге көшірілгені анықталды.

Ж. Нәжімеденов көшесіндегі ескі ғимаратты қалай да болса жүктен босату үшін, Байқоңыр ауданында құжаттарды сақтайтын уақытша орналастыру бөлінді. Бірақ оған да қайта жоспарлау, аралықтарды тасымалдау, өрт сөндіру жүйесі, мұрағат қоймасын жабдықтау және жұмыс бөлмелері үшін қаржы талап етіледі. Тағы бір ғимарат Пригородный тұрғын алабында бар. Бірақ мұнда жылыту жүйесімен мәселе туып отыр. Жылу сұйық отын арқылы автономды өткізіледі. Бірақ отынның бұл түрі жеңіл тұтанады, ал Мемлекеттік мұрағатта бұған жол беруге болмайды. Осыдан басқа, ғимаратта сумен жабдықтау құбырларының алмастырылуы талап етіледі.

Депутаттар өз кезегінде мобильді стеллаждарды орнату мүмкін бе екенін сұрастырды. Депутат Мажит Шайдаровтың ойынша, бұл ауданды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

- Мобильді стеллаждар өте қымбат, сонымен қатар, ғимараттың типтік болуына қарамастан, мұрағаттар екінші қабатта орналасқан, сондықтан құрылмалардың шыдай алмау қаупі бар, - деп Астаналық Мемлекеттік мұрағат директоры Кенжетай Шоқаева жауап берді. – Фундамент пен жабы арасында белгілі нормалар бар.  Егер ғимаратты қайта салып жатсақ та, екінші қабатқа мобильді стеллаждар орнату екіталай – бізге рұқсат та бермейді.

Сонымен қатар, ол жаңа ғимаратта стационарлық стеллаждар орнатылатынын нақтылап өтті, бірақ олар жаңа заманға сай – екіжақты. Олар әрі көп орын алмайды, әрі сиымдылықтары жоғары. Бұл ретте қозғалмалы құрылымдардың құны – 88 млн. теңге болса, стационарлық бес қабаттылар 32 млн. теңгені құрайды. Сонымен қоса, бұл бейімделген ғимарат болғандықтан, мобильді стеллаждарды орнатудан бұрын арнайы комиссия тексеріс жүргізуі керек, ал бұл – қосымша шығын.

2014 жылы жаңа ғимараттың жобасы дайын болып, өз уақытында жүзеге аспағаны анықталды. Сәйкесінше, жоба бүгінгі күні ескіріп қалды.

Келесі күні тұрақты комиссия мәжілісінде депутаттар бюджеттің нақтыланған кезінде бірден қаражаттың бөлінуі жайлы өтінішті растау шешімін қабылдады.