Мәслихат депутаттарының ІІД бойынша рейді

Мәслихат депутаттары кезекті сессияға дайындық шеңберінде тағы бірнеше ІІД мекемелеріне барып, қызметкерлердің шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады және астаналық полиция қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көріп қайтты.

Рейдтің бірінші нүктесі Қосшығұлұлы көшесіндегі «Сарыарқа» ауданының ІІБ бөлімшесі болды. Мекеме көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқанына қарамастан, бір қарағанда бәрі орынша болып көрінді. Алайда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмыс шарттары өте нашар деп айтуға болады.

Тар, қараңғы дәліздер тура сондай көмескі және кішкентай кабинеттерге әкеледі, ол жерлерде, «Сарыарқа» ауданының ІІБ басшысы Айдос Рысбаевтың айтуынша, 30 адамнан жұмыс істейді. Кабинеттер арқылы кәріздік және басқа коммуникациялар өтеді. Маңызды құжаттары бар сейфтердің төбесінен  құбырлар өтеді, болмашы ақау болса ол жерден су ағады. Үй-жайлар желдетілмейді, ал қызметкерлер қажетті жұмыс орындарының жетіспеушілігіне байланысты, «Кім үлгерді – сол отырады» қағидаты бойынша еңбек етеді. Жалпы саны 170000 адамнан астам  ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек шарттары, міне осындай! Бұл ғимаратта екі корпус бар, оның әрқайсында 5 кабинеттен бар. Регламент бойынша бұл жерде демалыс бөлмесі, қарулану және қаруды ауыстыру бөлмесі болуы керек, алайда олар үшін алаң жетіспейді, ал ғимарат ТК салынғаннан кейін әкімдікпен бөлінген.

Айдос Рысбаевтың айтуынша, бөлмелер тұрғындармен жұмыс жасау үшін көзделмеген, сондай-ақ құбырлардан үнемі су тамшылап, күн сайын дерлік су кетеді. Ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінбейді, себебі үй жаңа салынған болып саналады.

- Бізде тергеуге арналған бөлме де жоқ, себебі адам құқықтары жөніндегі Конвенция бойынша бөлменің терезелері болуы керек. Техника, транспорт және баспана бойынша сұрақтар бар, дымқылдық салдарынан компьютерлер жанып кетеді, сондықтан бізде техника да жетіспейді, -  деп әңгімелейді ол.

Келесі кезекте Астана қаласының көші-қон полициясының Басқармасы болды. Тар дәлізге әзер сыйған депутаттар қызметкерлердің жұмысын бақылады. Барлық сұрақтарға астананың ІІД КПБ басшысы полиция подполковнигі Гүлвира Донембаева жауап берді.

- Біз де кеңірек үй-жайда жұмыс істесек дейміз, біз жұмыс жүргізетін адамдар саны өте көп, және жазда бұл жерде ауа жетіспейді. Десек те, біз өз жұмысымызды ойдағыдай атқарамыз, - деп атап өтті  Гүлвира Донембаева.

Бұдан кейін депутаттар астаналық ІІД барды, ол жерде оларға заманауи полиция техникасы көрсетілді. Депутаттарға астаналық саперлер қандай жабдықтармен жұмыс істейтіні көрсетілді: адам орнына барлық қауіпті жұмыстарды орындайтын арнайы робота, қуатты жарылысқа шыдайтын костюм, және соның бәріне қызмет көрсететін кешен.

Сондай-ақ шұғыл әрекет ету органдарының мобильді техникасы, қару-жарақ арсеналы және заманауи полиция қызметкерінің киім-кешегін көрсетті.

Өзгеше саяхаттың соңғы пункті «Astana Innovation» кеңсесі болды. Депутаттарға «ӨКҚЖ» пилоттық жобасының жұмыс барысы туралы айтылды, оның шеңберінде қалада 412 камера және 25 сурет-видеотіркегіш орнатылған. Солтүстік жағалаудың барлық камераларын басқару орталығы және тәртіпті үздіксіз қадағалайтын операторлар көрсетілді. ІІД-мен серіктестік туралы әңгіме болды – кез келген құқықбұзушылық кезінде деректер жедел әрекет ету үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.

Аралауға қала мәслихатының хатшысы Ж.Г.Нұрпейісов, қала басқармаларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.