Мәслихат депутаты Абден Қ.Ж. комиссияның көшпелі отырысына қатысты

 «Нұр Отан» партиясы сайлау алдындағы бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының аясында Астана қаласы мәслихатының депутаты Абден Қарақат Жақсылыққызы Шымкент қаласында Партия кураторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Бектұрғановтың басшылығымен «Жұмыс берушілерді тарта және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу бағдарламаларын жаңарту мәселелері» тақырыбында өткен комиссияның көшпелі отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Тасболатов, Б.Хаменова, Н.Жұмаділдаева, Ж.Нұрмағанбетовамен бірге қатысты.

Парламент Мәжілісінің депутаттары техникалық және кәсіптік білім беру қызметін ұйымдастыру жөнінде бірқатар маңызды мәселелерді көтерді, атқарылған жұмыстарға бағалау жүргізді. Ең бастысы, көшпелі отырыс білім беру ұйымдарының басшыларына мәжіліс өкілдері мен сарапшы комиссиясының мүшелерімен пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Сарапшы комиссиясының мүшесі ретінде, мәслихат депутаты Каракат Абден аймақтағы техникалық пәндер мемлекеттік тілге аударылған әдебиеттердің жоқтығына байланысты әлі күнге дейін тек орыс тілінде оқытылып жатқандығына назар аударды, бұл мектепті қазақ тілінде бітірген студенттерге, әсіресе Шымкентке жақын ауыл және аудандардан келген студенттерге мәліметтерді игеруге қиындық тудыруда.

Айта кету керек, Білім министрлігіне жыл сайын оқу құралдарымен қамту үшін, сонымен бірге қажет тілдерге аудару үшін қаражат бөлінеді.