Мәслихат хатшысы "Южный" және "Рассвет" гараж кооперативтерінің иелерімен қайта кездесті

Ағымдағы жылдың 1 тамызында мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нұрпейісов азаматтардың жеке қабылдауында "Южный", "Рассвет" гараж кооперативтері иелерінің және "Комплект Фонд-2011" ЖШС өкілдерінің бастамашыл тобын қабылдады.

Кездесуге "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК директоры Александр Строчков шақырылды, ол қалыптасқан жағдайды айтып, "Южный", "Рассвет" гараж кооперативтеріндегі гараждарды бұзуға және өтемақы төлеуге байланысты себептерді түсіндірді.

Қабылдау барысында мәслихат хатшысы бастамашылық топ өкілдерінің "Қалалық жылжымайтын мүлік"  ЖШС атына шағымдарын тыңдады. Сондай-ақ, "Комплект Фонд-2011" ЖШС құрылыс салушылар өкілдерінің пікірі тыңдалды. Инвестор Олег Власовтың айтуынша, бұзу мәселесі гараж кооперативтерінің кейбір меншік иелерінің ұсынылған өтемақы сомасымен келіспеуіне байланысты туындады, бұл бұзу мерзімінің созылуына алып келді. Қалыптасқан жағдайды шешу үшін Олег Власов гараж аумағында көпфункционалды тұрғын үй кешені құрылысының жобасын таныстырмақшы.

Үш тарапты тыңдай отырып, мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов осы жағдайды шешу мақсатында гараждар аумағында көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу жобасын таныстыру үшін қала әкімімен кездесуді ұйымдастыруға өз көмегін ұсынды және меншік иелерімен сатып алу шарттарын тағы да келісіп алуды ұсынды.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген гараж кооперативтерінің бастамашыл тобы гараждардың аумағында қақпаларды, оларды металға тапсыру мақсатында, гараждарда сақталатын мүліктерді ұрлау жағдайлары орын алып отыр деген өз қауіптерін білдірді.

Меншік иелерінің "Алматы" ауданының құқық қорғау органдарына қақпа мен мүлікті ұрлаудың алдын алу және болдырмау, гараж кооперативтері иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдеу ұйымдастыру туралы бірнеше рет өтініштері оң шешім таппады. Кездесуге қатысқан "Алматы" ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Нысантаев "Алматы" ауданы ІІБ қызметкерлері қақпаларды ұрлауға жол бермеу мақсатында барлық шараларды қолданатынын, әр жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілетіндігін айтты. Жергілікті полиция қызметі бастығының айтуынша, ауданда металлға арналған қақпаны ұрлау оқиғалары жойылды. Қанат Нысантаев қызметкерлердің жетіспеушілігіне байланысты гараж кооперативтерінің аумағын күзетуді ұйымдастыру мүмкін емес екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов осындай жағдайларға жол бермеу бойынша бақылауды күшейтуді ұсынды.