Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында талқыланған мәселелер қаралды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Иванович Лукин Астана қаласының 2017-2019 ж.ж. бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндама жасады. Астана қаласының бюджетін нақтылау жергілікті атқарушы органның бастамасымен қаржылық жылдың басына бос қалдықтар бөлінгеннен кейін жүргізіліп отыр.

Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес, бюджеттің кіріс бөлігін 11,0 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылуда.

Сонымен бірге, республикалық бюджетті нақтылау бойынша 77,5 млрд.теңге сомасында трансферттер қосымша бөлінген.

Бюджеттік құралдардың игерілгенін мониторингілеу қорытындысының негізінде, астананы дамытуға бағытталған шығындар ішінара қайта бөлінді.

Осылайша, тасқынға қарсы шаралар, көшелерді механикалық тазалау, жеңілдікті дәрі-дәрмектер, денсаулық сақтау объектілерін жылумен жабдықтау, оқулықтарды алу, ЭКСПО-2017-ге еріктілерді дайындау, апаттық жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да қаражат қарастырылған.

Талқылау барысында депутаттар «Сарыарқа» ауданы бойынша ішкі істер басқармасына ғимарат салып беріп, ІІБ қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үй мәселесін шешу, мектеп жасына дейінгі және мектеп ұйымдарының аумағындағы қарды тазалуға қаражат бөлу және т.б. мәселелерді көтерді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы А.Жумаев депутаттар қарауына «2016-2018 ж.ж. жүзеге асырылу жоспарланған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалардың тізімі туралы» мәселені ұсынды. Әкімшілік қаулысымен бекітілген жобалар тізіміне 10 балалар бақшасы енген. Алиби Жумаев өз баяндамасында барлық қажетті заңда көрсетілген рәсімдеуден өтіп, келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін әлеуетті инвесторлар жоғарды көрсетілген объектілерді салуға кіріседі.

Бұдан басқа, Астана қаласының мәслихатының шешімімен мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алуына байланысты, жер телімдері мен өзге де жылжымайтын мүліктерді сатып алу туралы келісім-шарт жобалары келісілді, Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша ведомствоаралық комиссия құрамы, Астана қаласындағы жер телімдеріне ие болу құқығын беру бойынша комиссия құрамы, 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту Бағдарламасы шеңберінде апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша Астана қаласы әкімшілігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының, және Астана қаласының әкімшілігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссия құрамы бекітілді.

Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И.Лукин, қала аудандарының әкімдері, департамент және басқарма басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.