Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде нысандарды аралау

"Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы" кезекті сессияға дайындық шеңберінде депутаттар елорданың "Жасқанат", "Шағала" және "Бәйтерек"аула клубтарын аралады.

Жұмыс барысында депутаттар аула клубтарына қызмет көрсету және ұстау тендерлерін өткізу бойынша туындаған мәселелерді нақтылап, кемшіліктерді анықтады,оларды жою бойынша ұсыныстар енгізді. Қызмет көрсетушілермен жасалған шарттарды егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігін атап өтті. Аула клубтарына барған кезде депутаттар секцияларға барып, секцияларға бөлінген бөлмелердің жай-күйімен танысып, басқа да ұйымдастыру сәттерін нақтылады.

Жалпы, қоғамдық даму істері басқармасының мәліметінше, елордада 20 клуб жұмыс істейді. Оларды 18 бірлікке дейін қысқарту жоспарлануда, өйткені үшінші нысаны "Бәйтерек" клубы сынды олардың кейбіреулері өте нашар немесе апатты жағдайда тұр. Қысқарған жағдайда, балалар мен жаттықтырушылар ең жақсы жағдайлармен жақын маңдағы клубқа ауыстырылады.

Атап өту қажет, балалар мен жасөспірімдердің негізгі контингентін көп балалы, аз қамтылған отбасылардың немесе халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының балалары құрайды. Осылайша, аула клубы қалалықтардың өсіп келе жатқан ұрпақтарының өмір сүру сапасын арттыруға жұмыс істейді.

Депутаттар аралау барысында аула клубтарының жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, мемлекеттік органдардың жұмысындағы кейбір кемшіліктерді атап өтті, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына дейін нысандарға түгендеу жүргізуді және қызметке талдау жасауды сұрады.

Сондай-ақ, кезекті сессияның күн тәртібіндегі мәселемен танысу үшін депутаттар "IHUB", "IQ" және "ASTANAHUB" коворкинг орталықтарына барды.

Мұнда жұмыс тобы меншік нысанымен және жаңа модалы платформалардың қаржыландырылуымен, жастарға осы құрылымдардың ұсынатын мүмкіндіктерімен және өз қызметіндегі көздеген мақсаттарымен танысты. Аралау барысында халық қалаулылары бөлмелердің жайлылығы мен әмбебаптығын, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін атап өтті, бірақ сонымен қатар жастардың қалың бұқарасына арналған коворкинг орталықтарының қызметтерінің қолжетімділігіне де көз жеткізді.

Қонақтарды коворкингтер аумағының үлкен мүмкіндіктеріне қарамастан, келушілердің аздығы таң қалдырды. Әрбір орталықта депутаттар елорданың белсенді, жас азаматтары үшін ұсынылатын жағдайлар туралы сұрады. Халық қалаулылары көптеген жастарға арналған коворкинг орталықтарының қызметтеріне қолжетімділіктің аздығын атап өтті.

Сөз соңында депутаттар коворкинг орталықтарының бірінің басшылығына коворинг орталығында орын төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ талантты жастардың бір бөлігіне қолдау көрсету идеясы туралы ойлануды ұсынды.