Мәслихаттың тұрақты комиссиясында 2018 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті талқылау басталды

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында 2018 жылғы қалалық бюджеттің пайдаға асырылуы талқыланды. Экология, құрылыс, сауда және тұрғын үй-коммуналдық қатынастары саласындағы жобалардың қаржылық мәселелері жайлы басқарма басшылары мен ревизиялық комиссия төрағасы баяндады.

Өз сөзінде қалалық бас қаржылық сарапшысы Әліби Жұмаев астананың 2018 жылғы шығыны 431 млрд 70 млн теңге, яғни белгіленген бюджеттің 99,8% - ын құрайтынын атап өтті. Ал игерілмей қалған қаржы 675 млн теңгені құрайды. Жылдық бюджеттің толыққанды игерілмей қалуының басты себептерінің арасында мемлекеттік сатып алуды тасымалдаушыларға қатысты сот үрдістері, жобалау мерзімін ұзарту немесе мердігердің жұмыс кестесіндегі мерзімін ұзарту салдарынан атқарылған жұмыстар актісінің орындалмауы және өзгелері бар.

Ревизиялық комиссияның басшысы Иманжүсіп Ақпомбаев негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақты, оң динамикасын негізгі ала отырып қалалық қазынаның игерілуіне егжей-тегжейлі талдау жасап өтті. Ревизордың сөзіне сенсек, 2018 жылы өнеркәсіп саласында айтарлықтай өсу байқалған, құрылыс саласында айналымдар азайған. Бюджетті толықтыру бойынша 90%-ды салық түсімдері мен аударымдар құрайды. Маман өз сөзінде бюджеттің жыл бойы өзгертулерге түскенін сынға алды. Ақпомбаев бастапқыда сұралған қаржы сомасының өскені, ал бірнеше ай өткен соң екі есе дерлік азайғаны көрініс тапқан екі мысалды тілге тиек етті.

«Бюджеттің жүзеге асырылуы стратегиялық әрі программалық құжаттардың толық жоспарланбаған күйінде жүргізілген» -деді Иманжүсіп Латкенович өз сөзінде. Ревизиялық комиссия төрағасы жіберілген кемшіліктер арасында әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің нашар байланысы мен аудит барысында анықталған дебиторлық берешектер бойынша қарыздардың бар екенін айтты. «Қаржылық олқылықтардың жалпы сомасы 67,1 млрд. теңгені, тиімсіз бюджеттік қаржының өлемі 1,2 млрд. теңгені құрайды» - деп нақтылай түсті баяндаушы. Сонымен қатар Ақпомбаев депуттарға ревизиялық комиссияның жұмыстарына белсенділік танытып қатысқандары үшін алғысын білдірді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қаржылық және атқарушылық тәртіпті одан әрі жетілдіру қажеттілігі жайлы еске салды.

Отырыс барысында кезекті сөзді стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісінің орынбасары Мәрлен Мырзабеков сөйледі. Маман өз сөзінде астана экономикасының және әлеуметтік саласының дамуындағы өсу индикаторларына қатысушылардың назарын аудартты. Атап айтқанда, Мәрлен Нұркаримовичтың айтуынша, елордадағы жұмыссыздық ең төменгі деңгейде, мектепке дейінгі білім беру мен қамту 90% - ды құрайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің 100%-ы дерлік жұмыспен қамтамасыз етілген, денсаулық сақтау саласында өлім-жітім азайған. Жалпы айтқанда, басқарма өкілі қаладағы тұрғындардың жағдайы мен өмір сүру сапасының өскенін атап өтті.

Баяндамаларды тыңдаған депутаттар жыл сайын өсіп келе жатқан дебиторлық берешекке қатысты бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан сұраққа қатысты өздерінің наразылықтарын білдірді. Астаналық қызметтің жетекшілерінің аталған мәселе бойынша берген жауаптары халық қалаулыларының көңілдерінен шықпады. Комиссия мүшелері келесі отырысқа мемлекеттік қазынаға қайтарылатын және қайтарылмайтын бюджеттік қаржы бойынша нақты есеп дайындап келуді талап етті. Қазынашылық шоттарда қатып қалған 400 млн теңге көлеміндегі бюджет егжей-тегжейлі талқыға салынды.

Депутат Шайдаров бюджеттен бөлінген, бірақ бірнеше жылдар бойы талап етілмей немесе пайдаланылмай, солайша өзқұндылығы мен тиімділігінен айрылып жатқан соманың экономикаға еш өзгеріс әкелмегеніне наразылық танытты. Сонымен қатар мәслихатшылар бюджеттің сапасыз игерілуіне, мемлекеттік қаржының тиімді, толық пайдаланылмағандығына толыққанды заңды түрде кімнің жауап беретінін анықтауға тырысты. «Маусымда бізге ақша керек дейміз де, қыс түссе болды бөлінген қаржыдан ат тонымызды ала қашамыз. Бұл – нонсенс!» - деп өзінің аталған жағдайға наразылығын осылай білдірді Гайдар Касенов.

Комиссия мүшелері бөлінген аударымдардың мақсатты пайдалануын да біршама талқылады. Мемлекеттік құрылымдардың назарын ведомствалар арасында өзара байланыстың және түсіністіктің мүлде болмауына, жобалардың логикалық түрде аяқталмағанына аударды. Депутаттар нақты 100%-дық бюджеттің игерілуімен қаржыландырудың өзі жүзеге аспаған деп санайды. Тротуардың жолдан алыс салынуын, инженерлік желілердің орталық коммуникацияларға қосылмастан қала аймағына орнатылғандығын мысалға келтірді.

Комиссия мүшесі Қарақат Абден тексеру комиссиясының баяндамасын талқылау барысында кезекті рет мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдерінен салық түсім бойынша берілген есепті нақтылады. Депутаттың айтуынша, салық бойынша жалған орындалу фактілері орын алған.  «Картел» кәсіпорыны 2018 жылдың соңында 1,2 млрд. теңгені салық ретінде аударған. Ал 2019 жылдың қаңтар айында дәл сол сома кері қайтарылған. Осыған ұқсас жағдай «Интергазға» қатысты да орын алды» -  деп өзінің салықшыларға деген сұрауын нақтылай түсті Абден. Өкінішке орай, мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері бұл жағдай бойынша түсініктеме беруге тағы да дайын болмай шықты.

Осылайша, отырыс қорытындысы бойынша депутаттар көпшілік дауыспен мәселені мәслихат сессиясының күн тәртібіне шығаруды шешті. Бюджеттің игерілуі бойынша нақты және анық жауаптар алу үшін депутаттар келесі сессияға астана әкімінің орынбасарын шақыруды ұсынды.

Кеңеске мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, депутаттар мен тұрақты комиссиялардың мүшелері, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілдері, қалалық қызмет жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.