Новости

Астана қаласындағы Инновациялық жобалардың конкурс-көрмесі

16.07.18 Астана қаласында қаламыздың ақылды ауданы аясында технологиялық шешімдердің Инновациялық конкурс-көрмесі өтті. Бұл – сан түрлі алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдердің апробациясы үшін «пилоттық аймақ». Қатысушылар өз жүйелерінің басты артықшылықтары мен оларды енгізу жұмыстары жайлы келушілерге көрсетті және баяндады.

Елорданың дамуына қосқан үлестері үшін

05.07.18 Астана күні қарсаңында Президент Жарлығына сәйкес «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен Қазақстанның және оның елордасының қалыптасуы мен дамуына қосқан маңызды үлестері үшін қалалық мәслихаттың алтыншы шақырылымының, сондай-ақ, өткен бес шақырылымының депутаттары марапатталды.

«Алкон+» фирмасына 20 жыл

28.06.18 20 жыл бұрын мемлекетіміздің тарихында жаңа ғаламдық дәуір ашылды: Астананың - жаңа елорданың тууы. Ол жаңа жобалар мен кәсіпорындарды ашу мен дамыту үшін берекелі жағдай туғызды. Сол себепті өзінің 20-жылдық мерейтойын елордамен бірге туған ғана емес, әрі оның құрылысының белсенді құрушысына айналған компаниялардың дәл бүгінгі күні атап өтуі заңды құбылыс.

Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті

28.06.18 2018 жылдың 28 маусымында Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар халықтың жұмыспен қамтылуы және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады. Астанақаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың сөздері бойынша, еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Республикалық көрсеткішпен салыстырғанда Астанада жұмыссыздық деңгейі ең төмен – 4,6 %.

Жеңілдік берілген адамдарға тегін жол жүру

25.06.18 Қоғамдық көліктегі жаңа сараланған тариф жеңілдік санатындағы жолаушыларға әсер етпейді. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС төрағасы Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ астаналық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында баяндады.

Астана қаласының еңбек нарығында болған оқиға жайлы

23.06.18 Елордалық мәслихатта «2017-2021 жылдары нәтижелі жұмасбастылықтың дамуы және көпшілік кәсіпкерлік бағдарламасының іске асуы жайында» тақырыбында «дөңгелек» үстел өтті. Оның қатысушылары қалалық құрылым, қоғамдық бірлестіктер, кіші және орта бизнес басшылары болды.

Атаулы орындықтар демалыс үшін де, сәндік үшін де

20.06.18 Елордалық маслихат Астана қаласында шыныдан жасалған атаулы орындықтар орнатты. Олар өте стильді көрінуімен қатар, қалалық әулет керемет үйлеседі. Астананың 20-жылдығына орай маслихат депутаттарымен сыйға тартылған бірегей орындықтар Астана қаласының бар аудандарын көріктендірді.

Азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті

20.06.18 А.ж. 20 маусым күні «Нұр Отан» патриясының Астана қалалық бөлімшесінде қоғамдық қабылдау бөлмесінде №1 депутаттық сайлау округінің, Астана қаласының мәслихат хатшысы Ж.Г.Нурпиисовтің азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауы өтті.

Көктал-2 жолсыз қалмайды

15.06.18 Көктал-2 алабының белсенді тұрғындарымен бетпе-бет тілдесуден кейін, Астананың қалалық мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нурпиисовтің бастауымен жергілікті тұрғындардың әкімдік өкілдермен және осы ауданда жұмыс істейтін мердігер ұйымдармен кездесуі болды. Жиналыс №68 орта мектепте өтті.

Талап етілген мамандықтарды тегін оқытады

12.06.18 Астана колледжі мен мектеп түлектері еңбек базарында талап етіледі, - деп сендіреді педагогтар. Сол уақытта, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары басқа статистиканы келтіріп отыр – Астанада 2,5 мыңға жуық жұмыссыз тіркелген, бірақ бұл ретте дерекқорда 5,5 мың бос орын бар.

Бейресми тәсілдеме

08.06.18 Қалалық мәслихаттың депутаттары тұрақты комиссия отырысы кезінде бірнеше айдан кейін «Астана қаласының коммуналдық меншігіне соттың шешімімен мойындалған және түскен иесіз қалдықтарды басқару» қағидасы жобасын мақұлдады. Бұрында олар осы қағиданы құрастыруға астананың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бейресми тәсілдемесіне ашуланатын.

Құрметті азамат

07.06.18 Астана қаласының мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісовке «Мағжан Жұмабаев ауданының құрметті азаматы» құрмет атағы берілді. Мағжан Жұмабаевтың ауданы Қазақстанның Солтүстік-Казақстан облысы (Булаев қаласының әкімшілік орталығы) құрамында әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылады.

Депутаттар бюджетті анықтап алды

06.06.18 2018-2020 жылдарға арналған анықталған бюджеттін жобасын қабылдамас бұрын қалалық мәслихат депутаттары әкімдіктің кейбір басқармаларына қосымша қаражат нақты не үшін бөлініп жатқанын анықтап алды.

Жаңа мектептерге жаңа мекенжайлар

05.06.18 Депутаттар қарауында болашақ мектептердің орналасу орнын өзгерту туралы ұсыныс шығарды. Жаңа жалпы білім беру мекемелерін көп адамы бар аудандарда салу жоспарлауда.

Балаларға деген қамқорлықпен

01.06.18 Жыл сайын 01 маусымда бүкіл әлемде балаларды қорғау күні – ең ескі халықаралық мерекелердің бірі атап өтіледі. Балалар – бізде бар ең құнды сый, дәл сондықтан оларға қамқор болу, олардың өмірін жақсарту өте маңызды. Баланың күлкісі мен бақытқа толы көздері – мүмкін ең үлкен байлық шығар.

Астанада саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті

31.05.18 Ақмолада «Қайғы аркасы» монументі алаңында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қаласының мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, жыл сайын, Қазақстанда 1997 жылдың 31 мамырынан бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі, - деді.

Жастар, қалай өмір сүріп жатырсыңдар?

30.05.18 Қалалық мәслихат депутаттары өскелең ұрпақтың, әсіресе қыздардың адамгершілік тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет деп санайды. Жастар саясатының мәселесін іске асыруға арналған көпшілік алдындағы тыңдау кезінде астанада жас адамдар қандай қиыншылықтармен кездесетіні анықталды.

Дебиторлық берешекті бюджетке қайтаруға уәде берді

24.05.18 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкімнің орынбасары Асқар Амринның қатысуымен депутаттар 2017 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша есепті бекітті. Бұрында өткен жылдың бюджет қорытындысы комиссия мүшелерінде бюджет бағдарламасының әкімшісіне олардың дебиторлық берешегі жөнінде үлкен сұрақтар туындаған үш тұрақты комиссияда қарастырылған.

Тұрғындар өздерін естігенін қалайды

22.05.18 Астана қаласы мәслихатның хатшысы Жанат Нұрпейісовтің жеке қабылдауына өздерінің проблемалы мәселелерімен Республика даңғылы бойындағы №7/2 үйінің тұрғындары жүгінді. 2018 жылғы 22 мамырда мәслихат хатшысы үй тұрғындарымен кездесті.

Ақтөбе облысында қаза тапқан Өзбекстанның 52 азаматын еске алуға арналған Ботаникалық бақта ағаштар отырғызудың салтанатты рәсімі өтті

19.05.18 2018 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасында Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ниязходжаев Саидикрам Пархатұлы мырзаның қатысуымен осы жылғы қаңтарда Ақтөбе облысында мезгілсіз қаза тапқан Өзбекстанның 52 азаматын еске алуға арналған ағаштар отырғызудың және ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.