Новости

Жылу беру, сумен қамтамасыз ету және жолдар - қала үшін басым міндеттер

15.02.18 Мәслихат депутаттары Елордада ЖЭО-3 құрылысы кешіктірілуде деп алаңдайды. Отын-энергетикалық кешендер мен коммуналдық қызметтер өкілдерімен бірге комиссия мүшелері жеке кездесу өткізуге шешім қабылдады, онда олар өзекті мәселені шешуге тырысады. .

Елордада «Байқоңыр» ауданы пайда болады

12.02.18 Астанамыздың төртінші ауданына «Байқоңыр» атауын беруді ұсынды. Қоғамдық тыңдаулар жиналысы кезінде бұл идеяны мәслихат депутаттары қолдады. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев атап өткендей, бұл атау біздің астанамыздың қонақтарына да, жас ұрпаққа да жақсы таныс.

Қала ауданы әкімдерінің есеп беру кездесулері аяқталуда

02.02.18 Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісовтің төрағалығымен Оқушылар сарайында  «Сарыарқа» ауданының әкімі А.А. Тұрлыбектің халық алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті.

Күн тәртібінде қала тұрғындарының мәселесі

20.12.17 Қала тұрғындары мерзімі жеткен мәселелермен өздерінің сайлаушыларына жүгінуде. Маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісовке жақында күйеуінен айырылған көп балалы ана Лала Исмаилова келді. Күйеуінің қайтыс болуына байланысты отбасында қаржы мәселелері басталған.

Депутаттарды мемлекеттік марапаттарымен құттықтаймыз

15.12.17 Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Астана қаласы мәслихатының депутаттар тобы елорданың мемлекеттік органдарының, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің, өндіріс саласының, бизнес өкілдерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге мемлекеттік марапаттармен марапатталды.

Елорда мәслихаты халықаралық қатынастарды кеңейтеді

13.12.17 Достық қарым-қатынас орнату мақсатында Астана қаласының мәслихаты мен Улан-Батор Моңғолияның Овлульхан ауданы мәслихаты арасында ресми кездесу болып өтті.

Елордадағы экологиялық жағдай алаңдаушылық тудырмайды

12.12.17 Елордада ауаның ластану деңгейін төмендету бойынша қандай шаралар қабылдануда? Бұл мәселе мәслихаттың кезекті сессиясының отырысында талқыланды. 2020 жылға дейін әкімдік алдында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін өршіл міндеттер тұр.

Күн тәртібінде елорданың негізгі қаржылық құжаты

11.12.17 «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының және қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәселесі талқыланды, онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді баяндама жасады.

Үркер-Ильинка тұрғын алабының тұрғындарының мәселелері қалай шешілуде

01.12.17 Мереке - мерекемен, жұмыс - жұмыспен, тіпті қоғамдық болса да. 1- желтоқсанда 11-ші сайлау округінде депутат М.Е.Шекенов Үркер-Ильинка тұрғын үй  тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында

29.11.17 «Нұр Отан» партиясының Алматы аудандық филиалының «№1 Қалалық ауруханасы» БПО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні қарсаңында салтанатты мерекелік шара өтті, Астана қаласы мәслихатының депутаттық фракциясының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Г.К.Касенов, Бірінші қалалық аурухананың бас дәрігері М.К. құттықтау сөз сөйледі.

Депутаттың Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылауға қатысуы

28.11.17  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған ЖСДП азаматтық кеңесінің» шақыруымен маслихат атынан 11 аудандағы депутат - Мирас Шекенов «Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қазіргі мәселелері: себептері, салдары және шешу жолдары» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Қауіпсіздікке полиция жауап береді

23.11.17 Көпшілік тыңдаумен бірге өткен тұрақты комиссияның отырысында қалалық маслихат депутаттары елордамыздың шет аймақтарында полицияның тірек пунктері қашан пайда болатынын анықтады.

Қоқыс неге айналады?

23.11.17 Жуырда халық депутаттары мәслихаттың кезекті отырысын елорданың санитарлық және экологиялық жағдайына арналған тақырыпқа арнамақ. Тұрмыстық қалдықтардың әртүрлі түрлерін көмудің қалай болғанын анықтау үшін депутаттар қоқысты жинау және кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындарға бару жұмыстарына қатысты.

Ормандарды сақтаймыз және көбейтеміз

23.11.17 Қалалық мәслихаттың депутаттары қаланың кәсіпорындарын аралаудың  екінші күні елорданың көгалдандыру перспективаларының қандай екендігін анықтады. Сапардың орны «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның балансында орналасқан орман тәлімбағы болды.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

22.11.17 Қалалық мәслихаттың депутаттары 2017 жылға арналған жаңартылған бюджетті бекітті. Уалихан Досаевтың төрағалығымен өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қалалық бағдарламалардың әкімшілеріне қанша ақша бөлінетіні белгілі болды.

Мерейтой иесіне алғыс сөздер мен ризашылық

21.11.17 Маслихат депутаты Батпенов Саят Нұрланұлы «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Әлімғазина Бағлан Ауғанбайқызымен бірге №3 округтің тұрғыны Қасымханова Шаруан Мұхамедқалиқызын 90 жылдығымен құттықтады.

Депутаттар иттер мен мысықтарды асырау Ережелерін әзірлеуге қатысты

21.11.17 Астана қаласы мәслихатының депутаты Ирина Манжанова, Астана қаласының кинологиялық клубтары мен ветеринариялық клиникаларының өкілдерінен құралған жұмыс тобы Астана қаласының мәслихатының сессиясында қолдауға ие болып, мақұлданған үй жануарларын асырау және серуендетудің жаңа ережелерін әзірлеуге қатысты.

Елорданың бюджетін айқындады

20.11.17 Сансызбай Есіловтің төрағалығымен өткен Астана қаласының  Қоғамдық кеңесінің отырысында экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Ерғали Егемберді қала бюджетіне 2017-2019 жылдарға енгізілетін түзетулер туралы баяндады. Бюджетті айқындай отырып, ағымдағы жылы елордалық бюджет 494 млрд 89 млн теңгені құрады, бұл жоспарланғандан 33% артық.