«Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалының қызметкерлері соғыс ардагерлерін құттықтап, кіріп шықты

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнін тойлау қарсаңында «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалының төрағасы, Астана қаласының мәслихат депутаты Ерлан Батташұлы Сыдықов атынан «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалының қызметкерлері Астана қаласының №14 сайлау округінде тұратын соғыс ардагерлері Құрмантай Айтжановты, Василия Пархоменконы, Раиса Сафоничеваны, Жақан Сейсебаевты құттықтап, кіріп шықты

Жеңіс күні, Нұротандықтар соғыс ардагерлерінің үйлерінде болып, ҰОС батырларының мұқтаждығы туралы білді, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы мен естелік сыйлықтарын сыйлады.

Биыл Астана қаласының №14 сайлау округінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмантай Айтжанов 96 жасқа келді. Майданға ол 1942 жылы тап болған, Польша, Румыния, Украина, Белоруссияны босату кезіндегі шайқасқа қатысып, Берлинге дейін жетті. Соғыстан кейін Құрмантай Айтжанов темір жол бағытында жұмыс істеді, зейнеткерлікке шығуға дейін Қорғалжын ауданы Сабынды совхозында жүргізуші болды. Құрмантай Айтжанов II дәрежелі Отан соғысының орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Украинаны босатқаны үшін» медалімен, сондай-ақ барлық мерекелік медальдермен марапатталды.

Сафоничева Раиса Егоровна 1925 жылы 10 шілдеде Башқұрт АСКР Ташкент ауданы Шинчяккуль ауылында туған. 1944 жылы өз еркімен майданға аттанды. Герко қаласынан Сермов аудандық әскери комиссариатымен шақырылған. Минск қаласында байланысшының қысқа мерзімді курсын аяқтаған және Екінші украиналық майданға жолданған. Киев қаласы, Бессарабия, Румыния және Будапешттегі Венгрия үшін шайқастарға қатысып, сол жерде Жеңіс күнін қарсы алды. Соғыстан кейін 1946 жылы Ресейге оралды. Әртүрлі жұмыстарда жұмыс істеді. 1957 жылы комсомол жолдамасы бойынша тыңайған жерлерді игеруге шақырылған. 1965 жылы Жамбыл экспедициясында геологиялық барлауға жұмыс істеуге барып, аспазшы болған. 1980 жылы зейнеткерлік демалысына шықты және әртүрлі жұмыстарда жұмыс істеуін жалғастырды. Зейнеткерлікке шыққан соң қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі болып сайланды. «II дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Украинаны

босатқаны үшін» медаль, «Германияны жеңгені үшін» медаль, «Г.К. Жуковтың Кенестік одағы маршалы» медаль, 9 мерекелік медальдер марапаттары бар.