Нұр-сұлтан қалалық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Нур-Султан қаласы мәслихатының депутаттары кезекті сессияны ұлттық киімдермен өткізді. Елордалық мәслихаттың кезекті сессиясында мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне арналған ұлттық дресс-код енгізілді.  Сессия барысында ұлттық спорт түрлерін, мәдениет пен сана-сезімді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Халық мәдениетін кеңінен насихаттауды депутаттар өздерінен бастап, еліміздің басты мерекесі – Наурыз мерекесіне орай бастауды шешті.

Мәслихаттың кезекті сессиясында Қарақат Әбден төрағалық еткен Нұр-сұлтан қала аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысты күн тәртібіндегі мәселелердің бірі қаралды.

Аталған мәселе бойынша Нур-Султан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов баяндама жасады.

Әкімнің орынбасары қалалық атқарушы органдар елордада мәдениет пен спортты жан-жақты дамыту үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта қалада 67 мәдениет нысаны және 719 спорт нысаны жұмыс істейді. Қалада халық үшін мәдени қызметтердің қолжетімділігі айтарлықтай өсті. Балалар театр студиялары, музыкалық театрлар, заманауи би студиялары, бейнелеу өнері студиялары және т. б. жұмыс істейді. Қаланың мұражайлары мен кітапхана жүйесінің қызметі жанданады. Дене шынықтыру мен спортты дамыту және қала халқын дене шынықтыру мен спортпен айналысуға тарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша шаралар қабылдануда. Денсаулығында әртүрлі бұзылулары бар адамдардың дене дайындығы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қалада қазіргі заманғы жабдықтары, медициналық блогы, тамақтану блогы бар  және т. б. мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған паралимпиадалық жаттығу орталығы ашылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың Нур-Султан қаласының аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қабылдаған шараларына қарамастан, астаналық мәслихат депутаттары осы саладағы ерекше назар аударуды және тез арада шешуді талап ететін бірқатар проблемаларды атап өтті.

Кезекті сессия өткізілгенге дейін мәслихат депутаттары бірқатар мәдениет, спорт нысандары мен дене шынықтыруды дамыту ұйымдарына барып, осыған байланысты жергілікті жерлердегі нақты жағдаймен танысты. Нур-Султан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың баяндамасынан кейін қалалық мәслихаттың депутаттары Сергей Солодовников, Зулфухар Гаипов сөз сөйледі.

Елордалық мәслихат депутаттары күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін бірқатар мәдениет және спорт нысандарының жай-күйіне, мәдениет және спорт қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауының әлсіздігіне, олардың еңбекақысының төмендігіне байланысты мәселелерді көтерді, бұл осы салада білікті кадрлардың тапшылығына алып келеді. Сондай-ақ, мәдениет және спорт нысандары, оның ішінде "Жастар" театры, "Жастар" сарайы бойынша қажетті жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Спорт нысандарының жай-күйін талқылай отырып, депутат Р. Ф. Умербаева соңғы үш жылда елордада спорт мектептерінің саны бір бірлікке ғана өскенін, ал қалада халық саны бірнеше пунктке өскенін атап өтті. Рамзия Өмірбаеваның сөзін спорт мекемелерінің, мектептер мен федерациялардың өкілдері қолдады.

      "Астаналық цирк" МКҚК ғимаратының өртке қарсы жағдайы бойынша мәселе қызу талқыланды. Сонымен, ғимаратта өрт сөндіру жүйелері істен шыққан, келушілерді эвакуациялау жолында әртүрлі кедергі жасайын құрылыстар құрылып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус бөлшектелінген.

     Цирк басшылығының жалға алушыларға қатысты әрекетсіздігі жөнінде мәслихат депутаты Мажит Шайдаров сөз сөйледі.  Астаналық цирк директоры Ерік Жолжақсынов қазіргі уақытта цирк ғимараты "Astana "ӘКК ҰК" АҚ-ның сенімді басқаруында тұрғанын айтты.  Сондай-ақ ол өрт инспекциясы тарапынан ескертулердің жоқтығын еске салды. Өз кезегінде, ӘКК өкілі этика жөніндегі уәкілдің хаттамасы мен қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының рұқсаты негізінде бір ай ішінде ғимараттың үшінші кіре берісінде бұрынғы сәулет шешімдері қалпына келтірілетініне сендірді.  Сондай-ақ, ӘКК орынбасары ТЖД тарапынан ұйғарымдардың жоқтығын растады. Өртке қарсы инспекцияның нөлдік реакциясы туралы бірнеше рет айтылған сөз барлық депутаттық құрамның наразылығын тудырды. Мәслихат депутаты Мирас Шекенов дереу ТЖД өкіліне осы объектіге барып, авариялық шығудың 2/3 бөлігінің бұғатталғанына және қауіпті жағдайда келушілерді толық эвакуациялауға кедергі келтірілетініне көз жеткізуді ұсынды.  Депутат Рамзия Фаатовна Умербаева ТЖД өкілінен ведомствоның осындай жағдайға қалай жол берілгендігі туралы жауап беруін өтінді. Депутаттардың астаналық цирктегі өрт қауіпті жағдайды шешу туралы сауалдарына сәйкес, ТЖД өкілі ведомствоның осы құрылымдарды 31 тамызға дейінгі мерзімде жою туралы шешім шығарғанын айтты. Мәслихат депутаттарының наразылығы, ұзақ уақыт бойы шешілмегендігіне және алдағы демалыс кезеңінде циркке балалардың саныны көп болатындығы. Депутаттардың наразылығына әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов жауап берді және алдағы күндері осы мәселені шешу бойынша Жол картасы әзірленетінін, сонымен қатар, астаналық цирктің жағдайы, оны жалға алушылар өздерінің жеке бақылауына алатынына сендірді. Сондай-ақ, әкімнің орынбасары "Думан" СО-да гимнастикалық залға бару және сол жердегі жағдаймен танысу мүмкіндігін қарастырады.

Жұмыс қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары мәдениет және спорт нысандарын қаржыландыру, мәдениет қызметкерлері үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселелерін толық қолдады, елорда үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салудың өзектілігін және мәдениет және спорт қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешу мүмкіндігін атап өтті.

Бұдан басқа, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мажит Шайдаровтың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, сессияда Нур-Султан қаласының қоғамдық кеңесі туралы ереже және " Нур-Султан қаласы мәслихатының аппараты" және " Нур-Султан қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемелерінің ережелері қаралды және бекітілді.