Оқушылар неғұрлым көп болса, мектептер соғұрлым көп ақша алатын болады

Астана қаласында мектептерді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін ойлап тапты. Сынамалы жоба аясында, Астана қаржыландырудың жаңа түріне алғашқы болып көшуді жоспарлайды. Білім басқармасының басшысы Жанғозин Әнуар маслихаттың тұрақты комиссия мәжілісінде жобаның артықшылықтарын сөз етті.

Оның мәні жалпы орта білім беру мекемелерінің бюджеттен қаржыны бұрынғыдай емес, оқушылардың саны бойынша алуында. Құрастырылған әдістеме бойынша, бір оқушының нормативі 187 мың теңгені құрайды.

Мекеме басшысы жан басына қаржыландыру жобасының Мәскеуде әлдеқашан қолданылып келетінін және жақсы нәтижелер көрсеткенін айтып өтті.

– Ең бастысы – бұл барлық мектептерге қалалық бюджеттен бір оқушы басына есептеп әділ бөліп тарату. Бұл мекеменің меншік нысанына, мемлекеттік не жекеменшік болсын, орналасқан жеріне, деңгейіне, онда білім алатындарға қарамастан, оқушылардың ортақ құқығын сақтауға мүмкіндік береді. Балалардың қажеттіліктері ескеріледі, соның ішінде, мұқтаж балаларға айрықша басымдылық қарастырылған, өйткені олардың жан басылық нормативтері стандартты бірнешеге асып түседі, – деп Жанғозин Әнуар баса айтты.

Қалалық маслихат хатшысы Нурпиисов Жанат мектептер үшін жан басылық норматив қай мемлекеттік мүшемен қай уақыт аралығына енгізілетінін сұрастырды.

- Бірыңғай әдістеме шеңберінде, норматив ҚР Білім министрлігімен өңделген. Ол бүкіл елге ортақ болады. Астана жоба елге енгізілгеннен кейін шешім қабылданатын пилотқа енеді, - деп Жанғозин Әнуар түсіндіріп өтті.

Басқарма басшысы норматив әртүрлі аймақтағы әртүрлі мектептердің есептеуінен құрастырылғанын да атап өтті. Ол АЕК-ге жүктелген, яғни норматив өзгерген жағдайда ол да өзгеріске ұшырайды. Бұл нюанстардың барлығы құрастырылған әдістемеде ескерілгені анықталды.

Дарынды балаларға арналған мектептерді есептемегенде, 80 мемлекеттік мектепті жаңа оқу жылында жаңа стандартқа ауыстыру жоспарлануда.

Астаналық басқарма басшысы мәскеулік әріптестерінің үлігісінде, жан басылық қаржыландырудан күтілетін нәтижемен бөлісті. Ол білім сапасын арттыратынына сенімді. 

– Бес астаналық мекеме пилотының тәжірибесі мектептерге бос қаржыны басқаруға, сол арқылы өз мүмкіндіктері мен қажетілліктерін ескеруге қосымша мүмкіндік берілгенін көрсетті. Олардың тарапынан оқушылардың тұрақты контингентін құруға, ұстаздарды дамытуға, біріккен ұстаздар командасын құруға үлкен қызығушылық туад, - деп атап өтті мекеме басшысы.

Бүгінгі күні ҚР Білім министрлігімен жалпы орта білімнің жан басына нормативтік қаржыландыруының ережелері мен әдістемесі бекітілді. Мұнда оқытушылардың еңбекақысы, ғылыми, спорттық, шығармашылық, интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстарға дайындық, коммуналдық шығындар, шаруашылық, кеңсе заттары, жұмыскерлерге сыйлықақы беру, капиталды шығындар, банк және басқа қызметтерді төлеу сияқты шығын түрлері енгізілген.

Қалалық білім басқармасының басшысы 10 мектептің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеме формасына ауысу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

Жан басылық қаржыландырудың жаңа әдістемесінің тәжірибесімен екі астаналық мектеп директорлары бөлісті. Олар экономикалық әсердің алдыңғы жылы қандай болғанын және келесі оқу жылында қандай күтілетінін айтты.

Білім беру мекемесінің қаржы және ұйымдастырушылық сұрақтарды басқару қызметін жақсарту және білім беру процессінде мекемелердің әсерлілігін арттыру мақсатында мәслихат депутаттары Астана қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінде жан басына нормативті қаржыландырудың енгізілуін мақұлдады.