Өскелең ұрпақ және мәдени мұраны сақтау туралы…

Мәжит Шайдаровтың төрағалығымен Астана қаласының қалалық мәслихатының қаланың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда екі сұрақ қарастырылды:  «Білім басқармасының өскелең ұрпақтың патриотизмін және рухани дамуын қалыптастыру бойынша жұмысы туралы»  және «Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының кітапханалардың, мұрағаттардың және мұражайлардың мәдени мұрасын сақтау бойынша жұмысы туралы».

Білім беру басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуы бойынша,  қазіргі күнде астанада «2016-2018 жылдарға арналған Астана қаласының балалары және жастарын  патриоттық тәрбиелеу» кешендік-нысаналы бағдарламасы әзірленген. Жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің базасында құрылған 62 әскери-спорттық клубтар қызметінің мақсаты, оқушыларды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға тарту, азаматтықты дамыту және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады.

- Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2015 жылы Астана қаласының оқушылар командасы «Айбын-2015» І-республикалық әскери-спорттық клубтардың жиынында бірінші орынды, «Одақ-2015. Жеңіс мұрагерлері!» халықаралық жиынында 45 медальды жеңіп алды,  ал 2016 жылы - «Айбын-2016» ІІ-республикалық әскери-спорттық клубтардың жиынында жеңіске жетті, - деп әңгімелейді ведомство басшысы.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында 25 жұлдықды күн шеңберінде 2016 жылғы 23 қарашада «Мемлекеттік шекара» қамқорлығымен «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» әскери-спорттық клубтар слеті өтеді.

Бірақ білім беру басқармасының басшысы атап өткендей, жүргізілген жұмыстарға қарамастан, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу саласында проблемалар орын алған. Мәселен, қаланың түрлі мектептерінің 5 оқушысы  7-күннің адвентистері – христиандық бағытының, 5 оқушы – иегов куәгерлері; 3 оқушы – евангелиялық христиан баптистердің ұстанушылары болып табылады.  Өзінің діни сенімдеріне байланысты балалар сенбі күндері мектепке бармайды. 45 оқушы  хиджаб тағады. Алайда орта оқыту мекемелеріндегі міндетті мектеп формасына талаптар қабылданғаннан бері барлық мектептерде діни киімдер мен атрибуттарды киюге жол бермейтін мектеп формасы енгізілді. Ата-аналармен кездесулер өткізілуде.

Депутаттардың пікірі бойынша, қаланың үш басқармасының – білім беру,  діни істер және ішкі саясат басқармаларының бірлескен жұмысының мақсаты осындай мінез-құлықты оқушылардың профилактикасы және олардың ата-аналарымен  жұмыс жасау болуы керек.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды, онда қаланың білім беру,  діни істер және ішкі саясат басқармаларына өскелең ұрпақтың патриотизмін және рухани дамуын қалыптастыру бойынша өзінің іс-қимылдарын белсендіру, қаланың ІІД өкілдерін тартумен бірлескен жұмыс жоспарын жасау және қаланың оқу мекемелерінде көпшілік іс-шаралар санын арттыру, кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналарына қатысты мекенжайлық  профилактикалық жұмысты жүргізу ұсынылған.

Екінші сұрақ бойынша, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  басшысы Болат Мажағұловтың кітапханалардың, мұрағаттардың және мұражайлардың мәдени мұрасын сақтау бойынша баяндамасынан, мәслихаттың тұрақты комиссиясы мұражайлық заттардың есебі, сақталуы, зерттелуі, толықтырылуы және экспонатталуы бойынша жұмыстың жоспарлылығын атап өтті. Қазіргі күнде қаланың кітапханалық жүйесінде жалпы кітаптық қоры түрлі ақпарат тасымалдағыштарда сақталған құжаттардың 700955 данасынан құралған 18 кітапхана бар. Кітапханалық бағдарламаларды жаңарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұдан басқа, басқармамен мұражай қорларын толықтыру және реставрациялау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Тарихи-мәдени мұраның 12 объектісінде жөндеу-реставрациялау жұмыстары аяқталды.

Мәлихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері Астана қаласының кітапханалардың, мұрағаттардың және мұражайлардың мәдени мұрасын сақтау бойынша қызмет саласында шешуді талап ететін мәселелер бар екенін атап өтті. Мысалы, қор сақтау алаңдарын ұлғайту қажет. Қазіргі күнде мұрағат қоймаларының толуы жылына жоспарлы 900 бірліктің кезінде 2960 астам  бірлікті, немесе  99,9 % құрайды. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты орналасқан үлгілік ескі ғимараттар қажетті талаптарға сай емес.

Тұрақты комиссия мүшелері қала әкімдігіне, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына мұрағат қоймаларының жүктемесін төмендету мақсатында, құжаттарды мемлекеттік сақтауға арналған арнайы ғимарат құрылысы туралы зерттеу және қарастыруды, мәдени мұраны зерттеу, сақтау және пайдалану саласындағы цифрлық технологиялар облысында заманауи жетістіктерді жүйелі енгізу бойынша қызметті жетілдіруді ұсынды.  

Тұрақты комиссия жұмысына мәслихат хатшысының м.а. М.Е.Шекенов, қалалық мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.