Отбасылық құндылықтардың бағалылығын қалай сақтап қалуға болады?

Қаладағы гендерлік саясат пен отбасылық-демографиялық сұрақтар астаналық әйелдерді ғана емес, ер адамдарды да уайымдатады екен. Қалалық мәслихаттың қоғамдық-мәдени даму сұрақтары бойынша тұрақты комиссия мәжілісін осы тақырыпқа арнап, қалалық мәслихат депутаттары олардың ең көкейкестілерін талқылады. Ерекше толқу тудырған неке айыру статистикасы болды.

Депутат Умербаева Рамзия Қазақстанда некені тіркеу мен айыруды да цифрлік үлгіге ауыстыратынын атап өтті. Бұл, оның айтуынша, жастардың отбасы құру мәселесіне немқұрайлы қарауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

- Бұрын неке қию рәсімі салтанатты түрде және куәгерлердің қатысуымен АХАЖ арқылы өкізілетін. Ал бүгінгі күні, өкінішке орай, куәлік алу үшін АХАЖ-ға барып, құжаттарды алып кету жеткілікті, - деп айтып өтті депутат.

Әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері де өз кезегінде некені цифрлық тіркеуге қарсы екендерін хабарлады. Неке тіркеу туралы куәлікті табыстау жеңілдетілген үлгіде берілетіні анықталды: келді, қол қойды, куәліктерін алды. Сол арада, бүгінгі күні елордада Неке қию сарайын салу мәселесі өткір тұр.

Депутат Умербаева Рамзияның пікіріне оның әріптесі Батпенов Саят та қосылды. Оның ойынша, заңнама отбасылардың ыдырауын барынша қолдайды.

- Бүгін тұрғын үй алуға толық емес отбасылар, жалғыз басты аналар ғана жеңілдіктерге иеленіп отыр. Ал жас отбасылардың баспана алуға мүмкіндіктері жоқ. Кейде олар бірге тұруды жалғастырғанмен, тұрғын үй алуға кезекке тұру үшін, ажырасуға  мәжбүр. Бүгінгі күні осындай 47 мың отбасы кезекте тұр. Отбасылық құндылықтарды сақтау үшін талай іс-шаралар өткізілетініне қарамастан, оларды тек баспана алу қызықтырады, сол себепті ажырасады екен. Басқармада және комиссияда жас отбасыларға қандай да болсын жеңілдіктер беру туралы сөз болып жатыр ма? – деген сұрақ депутат Батпенов Саятты толғандырды.

Мекеме мәліметтері бойынша, Астанада некеге тұрып жатқандар мен ажырасу үстінде тұрғандар үшін де алғаш тегін семинар-тренингтер өткізіліп жатыр. Әр отбасы кәсіпқой отбасылық психологпен кеңесе алады. Сол арада, статистикаға жүгінсек, 100 тіркелген некенің 30% бұзылып жатыр.

Елордада барлығы 1 млн. 47 966 адам, соның ішінде 544 мың 370 әйел ресми тіркелген. Отбасыларды нығайту мен отбасылық құндылықтарды дамытуға және гендерлік теңдікке 2017 жылы жергілікті бюджеттен 303 млн. 752 мың теңге бөлінді. Осы жылы 120 млн. 82 мың теңге және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Республикалық бюджетінен 186 261 теңге бөлініп отыр.

Бұдан басқа, кәмелетке толмағандардың арасында заңбұзушылықтың алдын алуын күшейту жайында жоспар прокуратурамен бірлесіп құрылған және бекітілген. Онда күш көрсету және әйелдер мен балаларға қатал қарау сұрақтары қозғалған. «Казахстан без насилия в семье» жобасы да іске асып жатыр.

Айына бір рет қабылдау комиссиясы дағдарыс орталығының қызмет алушыларына консультация өткізетіні анықталды. Көбінесе медициналық тексеріс, жұмыспен қамту, мектеп мекемелеріне балаларды орналастыру сұрақтары қойылады.  Барлық сұраныстар бойынша көмек көрсетілді, дерекқор жүргізілуде.

Бұдан басқа, комиссия өкілдері Қазақстан Республикасында Отбасы концепциясы мен гендерлік саясатты іске асыру шараларының 2030 жылға дейінгі өңірлік жоспары құрылғанын хабарлады. Мәслихат депутаттарының ұсыныстарына сәйкес, онда жас отбасыларға сәбиді жоспарлау мен тәрбиелеу жайында, ажырасудың алдын алу, отбасылары жоқ жалғыз басты адамдарға психологиялық және консультативтік көмек көрсету сұрақтары қосылған.

Осы айтылғандардан басқа, депутат Әбден Қарақат бүгінгі күні елордада балалар мен әйелдер құқықтарының сақталуын жетекшілік ететін басқарма жоқ екенін атап өтті. 

 

Ол елордамызда балалар үйінің 210 түлегі тұрғын үйсіз қалғанын еске салды. Олардың көбі өз отбасыларын құрған, бірақ өз баспанасы болмағандықтан, жетімдік қайта туындауы мүмкін. Депутат бұл жағдайды бақылауға алуды өтінді және қараусыз қалған балалардың статистикасын талап етті.

Елордада гендерлік саясат пен отбасы-демографиялық ахуалды жақсарту бойынша сәйкес мемлекеттік мекемелерге ұсыныстар жасалған тұрақты комиссияның қаулысын қабылдау мәжілістің қорытындысы болды. 

Тұрақты комиссия жұмысына басқа тұрақты комиссия депутаттары, қаланың басқарма және департаменттерінің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өілдері және БАҚ қатысты.