ПИК маңызды мәселелері

Қала мәслихатының құрылыс, көлік, экология, сауда және ТКШ мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысында қала ПИК қызметін жетілдіру жайлы мәселе көтерілді. Астана қ. тұрғын-үй инспекциясы басқармасының жетекшісі Әлихан Қуатбеков бүгінгі күнде қала аумағында 390 ПИК пен қызмет көрсету ұйымдары қызмет көрсететін 2292 көппәтерлі үйдің орналасқандығын айтты.

9 айда тұрғын-үй инспекциясына жеке және заңды тұлғалардан 2957 жүгінулер түсті. Күн сайын «051 қызметі» ММ тұрғындардың талаптары мен шағымдары түсіп жатады.

Тұрғын-үй инспекциясының ұшырасатын негізгі мәселесі - кондоминиумдардың әлсіз тіркелуі. Оның себебі үй салушылары мен ПИК көпшілігі бұл жұмысты жүргізуді қаламайтындықта, өйткені тіркеудің жоқтығы пәтерлік емес үй мүлігіне өз қалауы бойынша билік ету мүмкіншілігін береді. Мәселен, әжептәуір табыс әкелетін жертөлелік жайларды немесе техникалық қабаттарды жалға беру. Бұл табыс мақсатқа сай жұмсалмайды. Тұрғындардан түсетін сұрақтардың 40%-ы дәл осы мәселеге қатысты келеді. Кондоминиумды тіркеу жөнінде үлкен жұмыстар жасалып жатыр, бірақ тұрғын-үйлердің барлық меншік иелері бірдей өз құқығын тіркеуді қаламайды. Бүгінде осы жұмыспен қамтылған 2056 үйдің 86% қамтитын 1000-нан астам үй тіркелді.

Отырыста көтерілген тағы бір үлкен мәселе күрделі жөндеу жұмыстарын жасау болды. Тұрғын-үй инспекциясымен, күрделі жөндеуді талап ететін 507 үй белгіленген қала ғимараттарына техникалық тексеру жүргізілді. Апаттық деп 228 үй белгіленді, оның 100-ден астамы бұзылды, ТКШ жетілдіру бағдарламасы аясында 50-ден астам үй 2011 жылдан бастап жөндеуден өтті. Ведомоство жетекшісі тағы 9 үйге күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалатын 350 млн.теңге бөлу жайлы ұсынысына қолдау көрсетуді өтінеді.

Толып жатқан мәселелердің ұштығы ПИК жұмысына да қатысты болды - бұл білікті мамандардың жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық базасының жоқтығы мен ПИК тыйым салынған коммерциялық-сервистік қызметпен айналысуы. Ведомство басшысының айтуынша, бұл мәселені, сонымен коммерциялық қызметті тоқтата отырып және олардың жұмыстарын сервистік компанияға беріп, тиімсіз ПИК санын қысқартумен шешуге болады. Тағы да ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі қажет. ПИК - сандық құрамы, материалдық-техникалық базасы және ұйымның басқа да құрамдас бөліктері анықталатын стандарттарды жасау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды. Осыдан пәтер иелерінің тарифтік саясаты да шығатын болады.

Әлихан Қуатбеков өз баяндамасында көппәтерлі үйлердің барлық меншік иелері ай сайын бір шотқа 0,02 АЕК немесе 42 теңге жинайтын жаңа механизмді ендіру бойынша Ресей Федерациясының тәжірибесін пайдалануды ұсынды. Осының арқасында ай сайын 500 млн. теңгеден астам немесе жылына 6 млрд. жинауға болады. Бұл қаржылар жыл сайын 110 көппәтерлі үйді қамтуға болатын жөндеу жұмыстарына жұмсалады.

Астана «Astana-Open City» порталының жетекшісі Руслан Шарипов ПИК айқын жұмыс жасауына мүмкіндік беретін жаңа жобаның тұсаукесерін жасады. Руслан Шариповтың айтуынша, тұрғын-үй меншік иелерінің барлық мәселелері ақпарат алмасудың жеткіліксіздігінен туындайды. Оның сөзі бойынша, портал осы мәселені шешуге шақырады. Жоба мақсаты - ПИК қаржылық-шаруашылық әрекетінің айқындығы, жұмсалған қаржылар бойынша есептілік, сонымен қатар тұрғын-үй меншік иелерін ашық әңгімеге тарту.

Комиссияның тұрақты мүшелері Астана қ. тұрғын-үй инспекциясы басқармасының жетекшісі Әлихан Қуатбековке отырыста айтылған барлық ескертулерді есепке алуды ұсынды. Жетілдіру бағдарламасы бөлігінде жұмыстың анағұрлым нақты механизмін өтеу. Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.

Тұрақты комиссия отырысына маслихат хатшысының м.а. М.Е.Шекенов, қаланың департаменттері мен басқармаларының, қаланың ІІД жергілікті полицейлік қызметінің табиғат қорғау полициясы бөлімдерінің және «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының ІІБ басшылары, қаланың, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының пәтер иелер кооперативтері ассоциацияларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.