Сансызбай Есиловтың төрағалық етуімен Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмурза Игенбердиев Қоғамдық кеңес мүшелеріне 2007 жылғы 8 қарашадағы «Астанада автомобильді көлікпен жолаушылар мен жүкті тасымалдау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Үкіметінің қаулысына өзгертулер мен толықтырулар жобасын ұсынды. Жобаны талқылауға қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері Г.К.Кусаинов, М.Д.Еркетаев, С.Б.Мынбаев, С.С.Есилов, В.А.Сергеев қоғамдық көлік жүргізушілерін, кондукторларды, такси жүргізушілерін ағылшын тіліне оқытуды қоса отырып, жүргізушілерді кәсіби дайындауға назар аударды. Қалада таксиге арнайы орын айқындауды, заңды түрде тіркелмеген таксилерді жоюды ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша шешім қабылданып, Қоғамдық кеңес мүшесі Тимур Ильясовқа шешілмей келе жатқан мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге қатысу тапсырылды.

Автокөлік жолдары басқармасы бастығының орынбасары Аскар Искаков «Астана қаласы көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орта және күрделі жөндеуде атқарылатын жұмыс түрлерінің жіктелуін бекіту туралы» қала әкімі қаулысының жобасын ұсынды. Оның айтуынша,  Астана қаласы көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуде атқарылатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы жол саласына қатысты нормативтік құжаттар негізінде құрылып, заманауи материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жинаған тәжірибеге сүйене отырып, жол және ауа-райы жағдайларын ескеріп, Астана қаласының жол желісіне таратылуда. Ол Астана қаласының жолдары мен көшелерінің санаты бойынша ортақ пайдаланатын көлік жолдары туралы Қазақстан Республикасының жол-көлік саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар, құрылыс нормалары мен Қазақстан Республикасының Ережесімен белгіленген тәртіпте ЖҚБ қалалық сыныптамасы бойынша қатаң емес жол бетінің қабаты мен жабу қабатының жөндеу мерзімі нормаларын айқындайды. Сыныптама жол жөндеу жұмыстарын ағымдағы және алдын-ала жоспарлауға, жол және кірме жолдардың жаңа қабатын ішінара төсеу, жол жөндеу жұмыстарының көлемін негіздеу, аталған жұмыстарға жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыландыру көлемін бөлу. Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынып отырған қаулы жобасында кеткен қателіктер мен тәуелсіз сараптаманың қорытындысының жоқтығына әкімгерлердің назарын аудартты. Осы ұсынып отырған мәселені 10 күн ішінде мұқият қарап шығып, Кеңес қарауына қайта енгізу ұсынылды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Ильяс Бакиров «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындары денсаулық сақтау саласында өндіретін және өткізетін тауарларға 2017 жылға баға белгілеу туралы» қаулының жобасын ұсынды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелерімен Астана қаласының әкімшілігі мен мәслихаты ұсынған басқа нормативтік құқықтық актілер бойынша тиісті ұсыныстар жасалды.

Қоғамдық кеңес отырысында қалалық басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.