Сапасы нашар құрылыс үшін кім жауапты?

Сәрсембек  Жүнісовтің төрағалығымен өткен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету бойынша тұрақты комиссия отырысы кезінде депутаттар әлеуметтік нысандарды жобалау және салу сапасы жөнінде баяндады. Елордалық мекемелердің айналасында жүргізілген жұмыстар барысында халық депутаттары уәкілетті органдарға көптеген сұрақтар қойды.

- Мектептер мен балабақшалар қолданысқа берілген кезде директорлардың тарапынан  әзірлеушілерге жиі сұрақтар туындайды, оларда жоба бұл үшін қарастырылмайды. Яғни, сапасыз жобалау жұмыстары жүріп жатыр және барлық қысым мердігерге тиесілі, - деп түсіндірді депутат Ирина Манжанова.

Дегенмен, жобалау- объектінің сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігіне байланысты құрылыстың негізгі кезеңі болып табылады. Егер құрылыс жұмыстары кезінде  қателер анықталса, оларды жою әзірлеушіге 10 есе қымбатқа түседі. Депутаттың пікірі бойынша, жобаны іске асырғаннан кейін көбінесе құрылыс алаңының өзінде жобаға өзгерістер енгізуді талап ететін көптеген жағдайлар байқалып жатады.

- Өте жоғары сапалы жобалаушылар мен техникалық қадағалаушылар бар, бірақ, өкінішке орай, олар тендерге қатыспайды. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсіміне, сондай-ақ тендерлік комиссиялардың пікірі бойынша жүзеге асырылады. Өндірушіден сапасыз жоба фактісін елемей, сапалы орындалатын жұмысты талап ету мүмкін емес, - деп атап өтті депутат.

Кездесу барысында Ирина Манжанова бірнеше сапасыз жобалаудың нәтижесінде объектілер құрылысының сапасы зардап шеккен мысалдар келтірді.

Астана қаласының ГАСК өкілі депутаттың эмоционалдық сөз сөйлеуіне мұндай объектілерді тексеру жүргізілетіндігін ескертті. Астана қаласының барлық ірі және елеулі объектілері конкурстық негізде жобаланған. Сонымен қатар, мекеме басшылығының сөзіне сәйкес, басқарудың негізгі мақсаттары мен міндеттерінің бірі- сәулет, мемлекеттік құрылыс пен құрылыс қызметтерін әкімдікке бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін объектілердің мониторингін жүзеге асыру болып табылады, сол арқылы  жер учаскелерін игеруді жобалау жұмыстарынан бастап нысандардың эксплуатациясына дейін қадағалай алады.

Сонымен қатар, қаламыздың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Кулушев жұмыс сапасына әсер ететін факторлардың бірі болып-  мамандардың жетіспеушілігінің табылатындығын атап өтті.

- Басқарманың штаттық қызметкерлерінің саны 20-ны құрайды, оның ішінде 9 қызметкер 1850 құрылыс алаңын,  соның ішінде бірегей және техникалық жағынан күрделілерін де тексереді. Жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалардан 12 мыңнан астам түрлі хаттар, өтініштер мен жүгінулер келіп түсті, бірақ құрылыстағы барлық объектілерді қамту мүмкін емес. Мысалы,  Алматыда құрылысы салынып жатқан нысандардың саны аз деген ГАЗК-нің өзінде 45 инспектор жұмыс жасайды,- деп баса айтты ол.

Осы фактіге қарамастан, депутаттар объектілерді салудағы кемшіліктерді атап өтті. Мәселен, депутаттардың пікірі бойынша, бюджеттік бағдарламалардағы мәселелер әкімшілер арасындағы әлсіз өзара әрекеттерден туындайды.

- Әлеуметтік нысандар бүгінгі таңда жолдарсыз қалуда, адамдар асфальтқа 100-200 метр қашықтықта балшықпен жүруге мәжбүр. Екінші жағынан, құрылыс басшылығына  нысан тұрғызуға  нормативтік алаң бөлінеді, бірақ оған кіретін мүмкіндігі жоқ,- дейді мәслихат депутаты Сәрсембек Жүнісов.

Оның айтуынша, қазір бірнеше мәселені шешу жолдары қарастырылуда. Балама ретінде, құрылыс барысында  мектептің периметрі бойынша территория резервте сақталады, нысан қолданысқа берілген соң аудан әкімдіктері  оларға кірме жолдарды салып аяқтайтын болады немесе әзірлеушілерге  ​​нормативтен артық мүмкіндік береді.

Тұрақты комиссия отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов, қалалық басқармалардың басшылары, тұрақты комиссия мүшелері мен депутаттар, басқа да тұрақты комиссиялардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.