Сарсембек Жунусовтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы болып өтті

және мұнда «Астана қаласындағы иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін сақтау туралы» мәселе қарастырылды. 

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы Гульмира Ермолдинаның сөзіне сәйкес бүгінгі таңда астанада 14 787 ит және 4095 мысық тіркелген.

- Жыл басынан бері 10714 иттер мен мысықтарды адамдар мен жануарларға ортақ ауруларға қарсы егу жүзеге асырылды, - деп айтып кетті Гульмира Тлеубаевна. Иттер мен мысықтарды қала шегінен тыс жерлерге шығарған жағдайда ветеринарлық анықтамалар беріледі. Жыл басынан бері барлығы 475 анықтама берілген.

Иесіз иттер мен үй жануарларының  адамды тістеу жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда азайған. Серуендетуге арналған алаңдардың жеткіліксіздігі, жануарларды уақытылы тіркеуге қоймай ведомство мамандарының пікірінше иесіз жануарлар санының артуының себебі болып табылады.

Жануарларды аулауға бөлінетін қаражаттың көпшілігі олардың иелерінің жануарларды асырау ережелерін сақтамауына байланысты туындайтын мәселелердің шешімін табу үшін жұмсалады.

Астанаға  жалпы ауданы 600 ш.ш. болатын 380 жануарларды серуенге шығару алаңдары қажет.

Талқылау барысында тұрақты комиссия мүшелері орын алған мәселелердің шешімін табу нұсқаларын ұсынды. Атап айтқанда иесіз жануарларды залалсыздандыру бағдарламасын дайындау, оларды атудан бас тарту. Қатысушылардың пікіріне сәйкес осы әдіс ең дұрысы болып табылады.

Қарғы бауларына келетін болсақ, депутаттардың пікірінше, қарғы бауларының ұзындығы 1,5 метрден аспауы керек. Иттерді балалар алаңдарында, қоғамдық парктер мен демалыс орындарында серуендетуге рұқсат етілмейді. Иттерді тұмылдырықсыз серуенге шығаруға тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдары мен арнайы арналған орындарда ғана рұқсат етіледі. Иттер мен мысықтардың иелері қолданыстағы  Ережелерді білуі және оларды бұзған немесе нәжістерін тазалаудан бас тартқан жағдайда қолданыстағы заңнамасы сәйкес салынған айыппұлдарды уақытылы төлеуі керек.

Отырыс қорытындылары бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданып, мұнда ауыл шаруашылығы басқармасына қала аумағында қолданылатын иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, мүдлелі қала құрылымдарын, кәсіпорындары мен ұйымдарын  қатыстырып мәслихаттың тұрақты комиссиясының бұқаралық тыңдалымын өткізу ұсынылған.

Отырысқа мәслихат хатшысы Ж.Г.Нурпейісов, қалалық құрылымдар басшылары, ветеринария саласындағы ұйымдар, ПИК ассоциациялары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.