Сайлаушылардың проблемаларын шешу

Депутаттың жұмысы әрдайым азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға жолданатын үлкен әрі шағын жұмыстардан құрылады. Балалар алаңын орнату, ПИК жұмысын реттеу, көшеге асфальт төсеу немесе жарық қойылмаған тұйық көшелерде шамдар орнату. Депутат үшін бастысы – сайлаушыларға деген қамқорлық. Халықпен кездесулер өткізген кезде депутаттар нақты адамдардың проблемаларымен танысып, оларды шешу үшін қолынан келгенді жасайды.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Ғазизұлы Нұрпейісовтің жұмысы туралы айтсақ, мәслихатта адамдарды қабылдаудан басқа көшпелі кездесулерде сайлаушылармен кездесетінін айтып өту қажет. Солай,мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нұрпейісовтің бастамасы бойынша С. Сейфуллин көшесі бойындағы № 1, 3 үйлердің және Кенесары көшесінің № 1 үйдің тұрғындарыменұйымдастырылған және «Сарыарқа» ауданының әкімі А.А. Тұрлыбек, тиісті мемлекеттік мекемелердің және қаланың коммуналдық кәсіпорындарының өкілдері қатысқан кездесуде конструктивті әнгімелесу өткізілді, тұрғындардың мәселелері бақылауға алынды. Бүгінгі күні көптеген проблемалы мәселелер шешілді, қалғандары шешілу сатысында.

         Өз кезегінде, мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісовағымдағы жылдың 9 сәуірінде "Жайдарман" ПИК төрайымы А.М. Абеновамен және "Родной дом" ПИК төрағасы С.К. Кикбаевпен кездесті, бұл кездесу барысында ПИК басшыларын тұрғындарды өз аулаларын абаттандыруға, жасыл желектер отырғызуға және басқа да мәселелерді шешуге белсенді тарту тапсырды.   Сонымен қатар, мәслихат хатшысының сөздері бойынша, шешілмеген мәселелер мәслихатта және «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратында бақылауда тұр және мүмкіндік бойынша шешіледі, себебі қалалық тұрғындардың қауіпсізөмір сүруі және олардыңөмір сүру ыңғайлылығы – тек депутаттардың ғана емес, қаланың мүдделі кәсіпорындары мен ұйымдарының барлық мемлекеттік органдарының басты мақсаты болып табылады.