Соғыс ардагерлерімен кездесу

2018 жылдың 4 мамырында №7-ші сайлау округіндегі Астана қаласының мәслихат депутаты Сәрсембек Жүнісовтың атынан №7-ші сайлау округінің аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының 1924 жылы туылған Байдеров Сәрсен; 1926 жылы туылған Анна Ивановна Савицкая; 1926 жылы туылған Василий Антонович Сердюков; 1927 жылы туылған Евгений Степанович Довгань ардагерлерін құттықтады.

Сондай-ақ, ҰОСҚ ардагері Е.С. Довганьға Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г. Нұрпейісов атынан құттықтау сөзі жолданып оқылды.

Ардагерлерге барған кезде Жеңіс күнімен құттықтаулар, алғыс сөздер мен шын жүректен шыққан тілектер айтылды.

Азық-түлік жиынтықтарының қоржындары мен гүлдер табыс етілді.