Сәрсенбек Жүнісовтің төрағалығымен Нұр-Сұлтaн қaлaсы мәслихaтының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммунaлдық шaруaшылығы мәселелері жөніндегі тұрaқты комиссияның отырысы болып өтті

Отырыстa Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышевтың «Тұрғын үй қорын бaсқaру, тұрғын үй-коммунaлдық сaлaсындaғы көрсетілетін қызметтер сaпaсы мен хaлықтың құқығын қорғaу сaлaсындaғы aтқaрушы оргaндaрдың қызметін жетілдіру турaлы» Астана қаласының мәслихaты тұрaқты  комиссиясының   бірлескен отырысының 2018 жылғы 24 тaмыздaғы қaулысының орындaлу барысы турaлы баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» басшысының орынбасары Бағдат Байсадықов және «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Амирзинов баяндама жасады.

Сөйлеген сөзінде Төлеген Базарбайұлы өзі жетекшілік ететін саладағы проблемаларға талдау жүргізілгені туралы және жаңалықтары, атап айтқанда, ПИК төрағасы лауазымына мүлік иелерінің арасынан сайлану қарастырылған әзірленген заң жобасы жайлы әңгімеледі. Құлышевтің айтуынша, бұл заң жобасы Парламенттің жұмыс комиссиясының отырысында қаралған, енді әрі қарай Мәжілістің қарауына ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Басқарма басшысы 2018 жылы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылауды күшейту шеңберінде жалпы сомасы 85 млн теңгеге 441 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сот органдарына 26 млн теңге айыппұлмен 364 іс қарауға жіберілген, 2019 жылдың басынан бері 16 млн теңге сомасына 46 субъект жауапкершілікке тартылды. Қаланың күрделі жөндеу жүргізу бөлігі бойынша Төлеген Базарбайұлы 2018 жылғы жөндеу жұмыстарының сомасын жария етті, ол шамамен 113 млн теңгені құраған, жөндеу 7 көппәтерлі үйлерде жүргізілген. Сондай-ақ баяндамашы Дүкенұлы 4 мекенжайындағы бизнес орталықтың ұзақмерзімді құрылысына назар аударды. «Құрылысты салушының ақпараты бойынша, жұмыстар 2019 жылдың 1 маусымына дейін аяқталмақ, алайда біз жағдайды бақылауда ұстаймыз», -  деді Құлышев.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары 63 млрд 150 млн теңге сомадағы объектілерді коммуналдық меншікке беру жоспары туралы есеп берді, оның ішінде 39 млрд теңгеден астамы – ЖЭО-1 және ЖЭО-2 энергия көздерін қалпына келтіруге, сондай-ақ 7 млрд теңгеден астамы 9,5 км аса ұзындықтағы жылу желілерін қалпына келтіруге жоспарланған. «Сондай-ақ құны 11 млрд 101 млн теңге тұратын 3 кіші станцияны, сомасы 5 млрд теңгеден асатын 1 бірлік нөсер канализациясын беру жоспарда», - деп баяндады басқарма өкілі.

 

«Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Амирзинов е-ПИК бағдарламалық өнімін іске асыру барысы туралы депутаттардың алдында есеп берді. «Жобамыздың негізгі мақсаты – тұрғындар мен ПИК арасындағы өзара іс-қимылды автоматтандыру», - деді Алмас Жұпарұлы. Ол сондай-ақ е-ПИК мобильді қосымшасы жүктеу үшін өте ыңғайлы, қазіргі уақытта оны 12-14 мың пайдаланушылар жүктеп алғандығын атап өтті. Спикер сонымен қатар кемшіліктерді де атап өтті, солардың бірі пайдаланушылардың белсенділігінің төмендігі – тіркелген пайдаланушылардың жартысы ғана қосымшаны тұрақты пайдаланады, келесі бір кемшілігі – ПИК-тердің өздерінің позициялары. Баяндамашының айтуынша, ұсынылған «ТОП ПИК», «е-ПИК» және «Смарт-ПИК» қосымшаларының негізгі міндеті – үйлердің тұрғындарының өтінімдерді беруі және оны қадағалауы, орындалатын жұмыстардың мониторингі, яғни ПИК жұмысының ашықтығы. Бүгінде елордада 500-ге жуық ПИК бар, олардың тек 2-уі «Новый мир» және «Алтын Шар» толығымен қосымшаға бейімделді, жаңа қосымша арқылы белсенді сұхбат жүргізіп, есеп беріп отырады. Қалған көпшілігі ашықтықтың болуын қаламайды және өз қызметін онлайн көрсеткісі келмейді.

Баяндаманы талқылау кезінде депутат Мәжит Шайдаров қалалықтардың шағымдары бойынша Дүкенұлы 4 мекенжайындағы ұзақ мерзімді құрылыста қасбеттерінің плиткалары кей жерлерінде түсіп жатқанына, мұның салдары ауыр жағдайларға алып келетініне назар аударды. Және құрылысты салушыларға айтылған кемшіліктерді жойып, айналасына төсеніштер жасауды еске салды.

 Отырысқа қатысушылар «е-ПИК» бағдарламалық өнімін енгізуге ерекше назар аударды. №10 сайлау округінің депутаты Зейнолла Шибкенов бұл қосымшаның тұрғындармен қамтылуына қанағаттанбайтынын, және белсенді пайдаланушылардың аздығына қарай жобаның тиімділігіне күмән келтірді, тұрғындар арасында өнімді ілгерілету бойынша жеткілікті жұмыс жүргізілмеуі мүмкін деп болжам жасады.

Депутаттың позициясын әріптесі Мирас Шекенов қолдады және «Астана Innovations» өкілінің назарын әзірленген жаңашылдықтың мақсатты аудиториясы ПИК емес, дәл осы қарапайым тұрғындар, ПИК қызметін тұтынушылар болып табылатынына аударды, сондықтан да дәл осы санаттың қажеттіліктеріне, талаптарына бірінші кезекте назар аудару қажеттігін айтты.

Депутаттардың сауалдары бойынша «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Асқар Есілов сөз сөйлеп, өз кезегінде мемлекеттік құрылымдар тарапынан жобаның бірінші кезеңіне, атап айтқанда барлық ПИК-терді осы бағдарламаға тіркеу талап етілгенін атап өтті, және бірінші кезең бір тоқсанда 100% орындалғанын айтты. Мемлекеттік қызметкердің айтуынша, «е-ПИК» пайдаланушылары мен белсенді тұрғындарына жеткізу мен оларды тарту жобаны әзірлеушілер мен операторлардың еншісінде. Бұған комиссия төрағасы Сәрсенбек Жүнісов қарсы пікір білдіріп, дәл осы аудандық әкімдіктер мониторинг жүргізіп, ПИК-тен «е-ПИК» арқылы жұмыс істеуде ПИК-тен белсенділікті талап ету керектігін ұсынды.

ПИК пен тұрғындардың мәселелерін талқылай отырып, мәслихаттықтар шағын ПИК-тердің тиімділігі мәселесіне қайта оралды және ашық қаржылық қызметті жүргізіп, өз базасының ұлғаюына мүдделі болатын басқарушы компанияны енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ пікірталаста Рамзия Өмірбекованың 14 мектеп пен 18 балабақшаның орталық коммуникацияларға қосылмағаны жөніндегі сұрағы қойылды, депутаттар ПИК-тер тұрғын үйлердің шатырларындағы ірі көлемді жарнамалық қалқандар мен маңдайшалардан алып отырған жалдау қаражатын мақсатты пайдалану тақырыбын көтерді, депутат Қарақат Әбден өз тұрғын мәселелерін орталықтандырылған шешуге мұқтаж болып отырған жеке сектордың да мәселесін алға тартты.

ТКШ жаңғырту тармағы бойынша баяндамашылар жаңғыртудан өткен үйлердің тиімділігі 20% артқанын атап өтті, ал Аман Аюпов осы шаралардың тиімділігінің дәл әрі толық талдауын сұрады және басқарманың көзге көрінерлік жұмысының жоқтығына назар аударды.

Жалпы, қорытындылай келе, комиссия ТКШ мәселелері бойынша қайтадан кеңес өткізу қажеттігі туралы шешімге келді және барлық мүдделі ұйымдарға алға қойған міндеттер мен мәселелерді шешу үшін 2 апта мерзім берді.

Комиисия жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов, аудан әкімдерінің орынбасарлары және мемлекеттік орган басшылары қатысты.